{metadescription}
Қызылорда облысы даласына құлаған АН-2 ұшағы толық жанып кетті
Қызылорда облысы даласына құлаған АН-2 ұшағы толық жанып кетті

Қызылорда облысы даласына құлаған АН-2 ұшағы толық жанып кетті

Қызылорда облысында АН-2 ұшағы ауа райының қолайсыздығынан жазық далаға құлап, толық жанып кетті. Бірінші болып құтқаруға келген өрт сөндірушілер күл-талқаны шыққан әуе көлігін суретке түсіріп алыпты.

Оқиға бүгін сағат 11 жарымда Арал қаласы маңындағы Алтынқұдық ауылында болды. Қызылорда - Жусалы бағыты бойынша жедел жәрдем рейсін орындап жатқан АН-2 әуе көлігі жазық далаға аударылып құлаған. Ұшақтың ішінде экипаж командирі, пилот және дәрігер болыпты. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Соған қарағанда олар дер кезінде секіріп үлгерген сыңайлы.

Дәл осы көпмақсатты АН-2 жеңіл ұшағы осыдан екі жыл бұрын Шығыс Қазақстан облысында қонғаннан кейін өртеніп кеткен. Ал былтыр күріш алқабын өңдеу кезінде Қызылорда қаласы Қарауылтөбе ауылының маңына құлаған.

Болат Наурызалиев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, көліктегі оқыс оқиға мен оқиғаларды тексеру департаментінің директоры:

- Бүгін «Тараз Жаңа Әлем» әуекомпаниясының ұшағы авиациялық медицина желісі бойынша рейсті орындап жатқан. Ұшу барысында ауа райының нашарлауына байланысты Аралға 10 км жетпей, жұмсақ топыраққа мәжбүрлі түрде қонды. Тұмсығымен соғылып, аударылып, өртеніп кетті. Экипаж бен бортта болған бір медицина қызметкері эвакуацияланды. Ұшақ толығымен жанып кетті. Бүгінде министрдің бұйрығына байланысты, авиациялық оқиғалар ережесіне сәйкес, комиссия ертең таңертең оқиға орнына барады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

06 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.