{metadescription}
Петропавлда он жыл бұрын 200 миллионға жөнделген Мәдениет үйі қирады
Петропавлда он жыл бұрын 200 миллионға жөнделген Мәдениет үйі қирады

Петропавлда он жыл бұрын 200 миллионға жөнделген Мәдениет үйі қирады

Петропавлда мәдениет үйінің төбесі опырылып ортасына түсті. Көрермендер залынан бастап, концерт қойып жүрген сахнаға дейін қиранды астында қалған.

Мәдениет үйі қазір үстіне бомбы түскендей күйде. Жиһаздары жайрап, электр сымдары үзіліп, тіпті темір бағандарына дейін майысып қалған.  Құлаған төбенің аумағы 500 шаршы метрді құрайды.

Кешқұрым  шатыры опырылып түскенде дүмпудің даусы сол маңдағы үйлерге дейін жеткен. Тұрғындар жарылыс болды ма деп шошыған. Бұрындары кешке таман мұнда не концерттік бағдарлама өтіп жататын, болмаса өнер ұжымдары дайындық жүргізетін. Апат кезінде Мәдениет үйінде ешкім болмапты. Өйткені жаздан бері бұл ғимараттың есігіне құлып салынды. Маусым айында тексерушілер Мәдениет үйіне кіру қауіпті деп таныған. Содан бері әншілер мен бишілер әкімдік жалдаған орындарда жүрді.           

Соңғы рет осы ғимаратқа 10 жыл бұрын жөндеу жүргізіліп, қазынадан 200 миллион теңге жұмсалған. Енді шенеуніктер тағы күрделі жөндеуге кірісеміз деп отыр. Бұл жолы шатырға 100 миллион теңге бөлінбекші.

Асқар Хабибулин, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

- Қазіргі кезде конкурс өтіп жатыр. Наурыздың орта кезінде бітеді. Конкурста 108 миллион, ПСД бойынша 108 миллион. Конкурс біткен соң жөндеу жұмысы қайта басталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде