{metadescription}
Украина - Ресей қақтығысынан елімізде де бидай мен нан қымбаттауы мүмкін
Украина - Ресей қақтығысынан елімізде де бидай мен нан қымбаттауы мүмкін

Украина - Ресей қақтығысынан елімізде де бидай мен нан қымбаттауы мүмкін

Бағаның өзгеруі әлеуметтік азық-түлік түрлерінің құнын көтеріп кетпеуі тиіс. Сол үшін шұғыл шараларды қолға алып жатырмыз дейді шенеуніктер. Тек бір Алматының өзіндегі сауда желілеріндегі бағаны қалыпта ұстап тұру үшін 7 жарым млрд теңге бөлінген.

Ерлан Омаров, Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқарма басшысының орынбасары:

- Бүгінгі таңда Алматы қаласында бағаларды тұрақтандыру мақсатында «Тоймарт», «Магнум» желілеріне қаражат бөлінген болатын. 7 жарым млрд теңгедей. Және де осы қаражатты үлкейту, бағаны ұстап тұру мақсатында «Тоймарт» желісіне 200 млн теңге бөлінетін болады. 19 әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 80 пайызы өзіміздің Алматы және басқа да еліміздің қалаларында өндіріледі және шығарылады

Аталған әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың ішіне ұн, май, макарон өнімдері, тұз, қант, сүт, картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат кіреді. Тағы сиырдың төс сүйегі мен қабырға бөлігі және тауық еті бар. Жауаптылар аталған азық-түліктерге бекітілген баға сәуір айының соңына дейін өзгермейді дейді.       

Еліміздегі ұн шығаратын зауыттарға субсидия бөлінуі мүмкін. Ал экономистер Украина мен Ресей арасындағы саяси қақтығыстан бидай мен нанның бағасы өсуі мүмкін деп болжайды. Өйткені Ресей бүгінге дейін көптеген мемлекетті ұнмен қамтамасыз етіп келеді. Егер олар өз экспортын тоқтататын болса, өзге елдерде де бұл тауарға тапшылық сезілмек. Сондай-ақ жағдай тез арада тұрақталмаса, бидай өнімдерінен бөлек, дәрі-дәрмек мен тұрмыстық тауардың да құны көтерілуі заңдылық деп отыр сарапшылар. 

Арман Байғанов, экономист:

- Өткен жылмен салыстырғанда ішкі сауда айналымы 101 млрд долларды құрайды. Оның 41 млрд долларын соның ішінде 50 пайызы ТМД елдерінен, қалған 50 пайызын шетелдерден импорттаймыз. Доллардың өскені әсіресе инфляцияға әсер етеді. Бір аптаның ішінде доллар бағасының 20 пайызға бір-ақ көтерілуі қалыпты жағдай емес. Бұл ең алдымен азық-түлік, дәрі-дәрмек, тұрмыстық техника, логистиканың қымбаттауына әкеп соғады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.