{metadescription}
​​​​​​​Қазақстандағы қант қоры үш айға жетеді – министрлік
​​​​​​​Қазақстандағы қант қоры үш айға жетеді – министрлік

​​​​​​​Қазақстандағы қант қоры үш айға жетеді – министрлік

Ресей Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге қант импортын тоқтатты. Уақытша тыйымға іліккен Қазақстан енді басқа елдердің көмегіне жүгінбек. Дегенмен өңірлердегі тұрақтандыру қорларында қанттың қоры жеткілікті дейді сауда министрлігі. Халықтың сұранысын үш ай қанағаттандыра алатын қор бар.

Қазақстанға биыл Ресейден 275 мың тоннадан астам қант әкелінген. Бұл былтырғымен салыстырғанда 12,7 пайызға аз. Сондай-ақ еліміз 230 тоннадан аса қантты Бразилия, Беларусь, Мексикадан сатып алып, өз өндірісін ұлғайтқан. Көрсеткіш 2020 жылдан қарағанда 89 пайызға жоғары.

Сауда министрлігі ресейліктердің қант саудасын уақытша тоқтатуы Қазақстанға еш әсер етпейді деген сенімде. Өйткені қант өндірісімен айналысатындар тамыз айының соңына дейін кедендік баж төлемей, 250 мың тонна қант әкелуіне болады.

Наурыз айының басынан бері бүгінгі күнге шейін ең қымбат қантты атыраулықтар тұтынып отыр. Олар бір келісі үшін орташа есеппен 337 теңге төлейді.

Таразда баға Атыраудан қарағанда 85 теңгеге арзан. Қымбатшылық жайлаған қалалардың үштігін Нұр-Сұлтан қаласы түйіндейді. Сауда министрлігі бағаның өсуін күнде бақылап отыр. Алыпсатарлар қанттың құнын 15 пайыздан асырмауға тиіс.

Әлішер Өмірзақ, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі:

- Қымбаттауға келер болсақ, қанттың бағасын жергілікті әкімдік, сауда желілері, тұрақтандыру қорларынан алу арқылы және айналмалы схема арқылы кредиттеу бар. Олар жеңіл кредитті алғаннан кейін барып бағаны ұстап тұрады. Осы секілді шаралар жергілікті әкімдіктермен қабылданады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

02 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде