{metadescription}
СҚО: Бір аптада 60 гектар жер өртеніп кетті
СҚО: Бір аптада 60 гектар жер өртеніп кетті

СҚО: Бір аптада 60 гектар жер өртеніп кетті

Солтүстік Қазақстан облысының құтқарушылары бірінен соң бірі әр жерде басталған өртпен арпалысып жатыр. Тек соңғы бір аптада 60 гектар жер түгі қалмай жанып кеткен. Үйлер мен бірнеше көліктің күлі ғана қалды. Бұған негізінен құрғақ шөп жағып қауіпсіздікті сақтамаған тұрғындар кінәлі екен.

Бір тәулікте өңірде 12 ірі өрт тіркелген. От құрғақ шөптен басталыпты. Тілсіз жау Петропавлдың өндіріс аумағындағы кеуіп тұрған қамысқа да тиген. 20 гектар жердегі қамыс лаулап жанғанда ұшқын сол маңдағы айыппұл тұрағына да жетіп, 10 автокөліктің алтауы түгі қалмай жанып кеттті. Жанармай базасы оттан аман.

Хромзауыты ауданында да құрғақ шөп өртенген. Жалаңдаған қызыл жалын тұрғын үйлерге жетіп, екі баспана өртеніп кеткен. Ал апатқа ауыл тұрғыны кінәлі болып шықты. Ол айналаны тазартып, жиналған шөпке от қойған. Өңірде 30 арнайы мобильді топ құрылып, өрт қауіпсіздігін қадағалауда.

Дмитрий Растихин, СҚО ТЖД басқарма бастығы:

- Біз үнемі кез келген жерге от жағатын тұрғындарға ескерту жасаймыз. Бірақ бәрі бірдей құлақ аспайды. Рейд те үздіксіз жүргізіліп тұрады. Талай рет әкімшілік жаза да қолдандық. Айыппұл мөлшері 1,5 миллион теңгеге дейін жетеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ
Қазір эфирде