Аймақтарға баратын мұғалімдерге 800 мыңға жуық жалақы төленеді
800 мыңға жуық жалақы төленеді. Білім және ғылым министрлігі мұғалім тапшы аймақтарға баратын мамандарды осылай ынталандырмақ. Ол үшін республикалық бюджеттен қосымша 4 миллиардқа жуық қаржы бөлінеді. Өңірге барамын деушілерге қойылатын арнайы талап бар.
Автор: Елдос Есенбол
20.04.2022
Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі
- Ең басты критерий мұғалімдер қатысады. Бірақ ол мұғалімнің біліктілігі шебер болу керек әлде зерттеуші болуы керек. Және де ол арнайы іріктеу емтихандарынан өту керек. Екіншіден, магистратураны бітірген арнайы жоғары GPA бар біздің әріптестеріміз. Және де оған қоса ол әріптестер де тиісті емтиханды тапсыру керек.
Асхат Аймағамбетов бағдарлама биыл қыркүйек айынан басталатынын айтты. Министрлік осылайша мұғалімнің тұрғынүй мәселесі мен коммуналдық төлем шығынын да жабуды көздеп отыр. Ал салмақ жергілікті бюджетке түспес үшін, бұл шығындарды маманның жалақысына қоса есептеуді жөн деп тапқан. Мысалы, мұғалім 790 мың теңге айлық алатын болса, оның 140 мың теңгесі коммуналдық төлемге, қалған 650 мыңы өз жалақысы. Жаңа жобаға еліміздің төрт өңірі таңдап алынған. Олар: Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Алматы облыстары. Айта кететін жайт, аталған аймақтың жергілікті мамандары талапқа сай болып, арнайы конкурстан өтсе сырттан келетін педагогтармен бірдей жалақы алуға мүмкіндіктері бар.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:
- Біріншіден, осы төрт өңірде де ең үлкен мұғалім тапшылығы. Екіншіден, осы төрт өңірде де біздің білім беру сапасы бойынша халықаралық зерттеулермен өзіміздің зерттеулерге сәйкес ең соңғы қатарда. Біз мектептерге тек қана бір мұғалімді апармаймыз. Көбінесе біз оны бір мектепке төртбес алты мұғалімнен апарамыз өйткені бізге осындай үлкен сапалы өзгерістер болуы қажет.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары