{metadescription}
Тоқаев сарбаздың өлімінің себебін анықтауды тапсырды
Тоқаев сарбаздың өлімінің себебін анықтауды тапсырды

Тоқаев сарбаздың өлімінің себебін анықтауды тапсырды

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде көз жұмған сарбаз туған жеріне жерленді. Маңғыстаулық Әлібек Қалбайды ақтық сапарға тума-туысы, достары мен Ақшұқыр ауылының тұрғындары шығарып салды. Жаназаға келген жұрт қыршын кеткен жастың өліміне кінәлілер «әділ жазасын алса» дейді.

Тергеудің дұрыс жүргізілуін сұрап Президентке де бейнеүндеу жолдады.  Бүгін мемлекет басшысы сарбаздың өлімінің себебін анықтауды тапсырды.

Он күн бұрын ғана Отан алдындағы борышын өтеуге кеткен сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысының Отар әскери бөлімінде көз жұмған сарбаздың туыстары Әлібек Қалбайдың тамақтан уланып өлгеніне «сенбейміз» дейді. Тіпті ұлдарының бақилық болғанын да басшылар емес, өзімен қатар кеткен қаруластары хабарлапты.

Рысгүл Төлегенова, марқұмның туысы:

- «Дүниеден озды» деген хабарды рота командирі емес, гарнизон офицерлері емес, баламыздың қасындағы сарбаз берді. Қажет еткен жағдайда, егер бір айдан кейін дайын болатын сараптаманың қорытындысына көңіліміз толмаса, сотт шешімімен болсын, қайталама эксгумация жасап, қайтадан баламызды жаңағы сараптамаға жолдайтын боламыз.

Динара Тілесова, марқұмның туысы:

- Екі тарелка тамақ жеді Аликон қасындағы баланың тамағын жеді. Өзінікін жейді, бірақ қапылып жейді. Сол сәтте Аликон сол екі ботқадан уланды деді. Бұл жерде күдік бар. Уланды деп шығарады. Бір адамды, бір солдатты неге күдікті қылады. Біз ол жерде баланың мәйітіне кірдік. Баланы ұрған. Камераға түсіріп алдық.

Сарбаздың өлімі бәріне жұмбақ. Әскерилердің айтуынша, марқұм  таңертеңгі сапқа тұру кезінде есінен танып құлап, сол күйі көз жұмған. Тіпті «тамақтан улануы мүмкін» деген де болжам бар. Ал туыстары сарбазды ұрып-соққанына сенімді. Себебі: денесінде көгерген іздері бар. Ал қорғаныс министрлігі бұл сот-медициналық сараптаның ізі деп отыр.

Серік Боранбаев, ҚР Қарулы күштері бас штабы бастығының орынбасары:

- Қажет сараптамалар алынды. Оқиға орнын қарағанда, құқық қорғау органдарының ресми қорытындылары бойынша, сондайақ мәйітке сот-медициналық сараптауды жүргізуде қаза болғанға дейін жарақаттары мен көгеру анықталмаған. Тері қабаттарының өзгеруі сот-медициналық сараптау жүргізумен және қаза болудың биологиялық процесімен байланысты.

Бірақ марқұмның туыстары бұл жауапқа көңілі толмайды. Айтуларынша, мәйітті алып кетуге барғанда сарбаздың қабырғасы сынып, денесіндегі көгерген жерін көрген. Әділдік талап еткен отбасы тергеудің әділ жүруін сұрап Президентке бейнеүндеу жолдады. Ал бүгін Президент әскерде қаза тапқан Әлібек Қалбайдың өлім себебін анықтауды тапсырды. Енді марқұмның туыстары бір ай тергеу қорытындысын күтеді. Егер әділдік орнамаса, тәуелсіз сараптамаға жүгінеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде