{metadescription}
Вайнерлер Төребаев пен Шерниязов екі айға қамауға алынды
Вайнерлер Төребаев пен Шерниязов екі айға қамауға алынды

Вайнерлер Төребаев пен Шерниязов екі айға қамауға алынды

Оқшаудағы он күнге тағы 60 тәулік қосылды. «Қаржы пирамидасын құрды, жарнамалаған» деп басы дауға қалған вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сот шешімімен ақыры екі айға қамауға алынды.

Абай Жарылқасын, Алматы қаласы сотының ресми өкілі:

- Тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Аталмыш азаматтарға қатысты бұдан бұрын тағайындалған күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы екі айға ұзартылды. Қазір сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Ақпан айында қос вайнер «қаржы пирамидасын құрды» деген күдікке ілінген болатын. Алматының тергеу соты оларға кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Ал бертінде Төребаев пен Шерниязов "Мудараба капитал" компаниясына қатысты қозғалған іс аясында 10 күнге қамалған. Енді сол мерзім ұзартылып отыр.

Жалпы бұл даулы істе 14 адам тергеліп жатыр. Қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар 169 адамның бес миллиард теңгесін алдап, қалтасына басқан дейді тергеушілер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

06 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.