{metadescription}
СҚО-да алапат өрттен төрт адам өлді
СҚО-да алапат өрттен төрт адам өлді

СҚО-да алапат өрттен төрт адам өлді

Солтүстік Қазақстан облысындағы алапат өрттен төрт адам ажал құшты. Себебі: жолдың жоқ. Май ауылында жанған жер үйге өрт сөндірушілер дер кезінде жете алмаған. 

Ақжар ауданына қарасты ауылда өрт сөндіру бөлімшесіде жоқ. Ең жақыны Май ауылынан 53 шақырымда орналасқан. Жолдың нашарлығы да дер кезінде жетуге кедергі келтіріп, құтқарушылар бір сағаттан кейін келген. Оған дейін өртпен ауыл тұрғындары өз күшімен күресіпті. Өрт күш бермеген. Құтқарушылар күл арасынан үй иелері мен сол үйге қонаққа келген екі азаматтың денесін алып шықты. Қаза болғандардың жасы 47- 64 аралығында.

Дмитрий Растихин, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

- Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін тұрмыстық газ баллон жарылды. Өрт салдарынан тұрғын үй түгел жанып кетті. Себептері мен материалдық шығын тергеу барысында анықталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

06 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.