{metadescription}
Түркістан облысында әйелін ұрып өлтірген төрт баланың әкесі қамауға алынды
Түркістан облысында әйелін ұрып өлтірген төрт баланың әкесі қамауға алынды

Түркістан облысында әйелін ұрып өлтірген төрт баланың әкесі қамауға алынды

Түркістан облысында өз әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен төрт баланың әкесі қамауға алынды. Қызғаншақ күйеу 38 жастағы жұбайын арақ ішуден бас тартқаны үшін төмпештеп тастады дейді марқұмның туыстары.

Ауыр соққыдан көз жұмған Үкіләй Сартаеваның жақындары енді күйеу баласымен қоса, оның шешесін де жауапқа тартуды талап етіп отыр.

Жантүршігерлік қылмыстың жай жапсары:

Үкіләй Сартаеваны 15 жыл отасқан күйеуі төрт баласының көзінше сабап тастаған. Марқұмның жақындары күйеу баласының жұдырық ала жүгіретінін бұрыннан біледі екен. Тіпті бірнеше мәрте ажыратып алмақ болыпты. Бірақ «балаларым үшін шыдаймын» деп, әйелдің өзі бас тартқан. «Соңғы рет үйіне ішіп келген отағасы екі шөлмек коньяк әкеліп, біреуін әйелінің аузына құйған, ал қарсыласқан кезде басынан бос бөтелкемен ұрды" дейді туыстары. Ең сорақысы, жанжал балаларының көзінше болған деседі.

Қаламқас Сартаева, марқұмның анасы:

- Қызды сүйреп үйіне дейін әкелген. Бетінен ұрған, тісін сындырған. Шашынан жұлған. Шаштан шаш қалмаған. Тістен тістің бәрін қағып алған. Ол аз деп, үстіне секіріп, қыздың үстіне секіріп, қызымның қабырғасын сындырған. Жүрегі мен өкпесін жабыстырып жіберген. Сондай айуандықпен істеп отыр.      

Үкіләйдің көзі тірісінде түсірген видеосы. «Үнемі үсті-басы көгеріп жүретін» дейді туыстары. «Күйеуге тигелі, түрмеге түскендей болды», - деген жақындары күйеу баласы ұрып жатқан кезде үйінде енесінің болғанын айтады. Бірақ полиция шақырмақ болған немерелеріне тоқтау салыпты. Ал аса қатыгездікке баруына анаша мен ішімдікке әуес Әбибулланың «қызғаншақтығы себеп болуы мүмкін» дейді.

Бақыт Саймасаева, марқұмның әпкесі:

- Қызғанады, үйіне бауырлары келсе де қызғанады. Еркек адам келсе болды, қызғана береді. Жездесінен де қызғанады. «Анау не, сенің байың ба, үйіне тренер келеді ғой, балдарына жарысқа деп, аа, сенің байың ба, талдан бір нәрсе терейін десе де, ааа байыңды көрейін деп жатырсың ба» дейді. Ойының бәрі сондай, ойының бәрі арам болған.

Марқұмның туыстары полиция 40 минуттан кейін келді деп өкпелі. Егер дер кезінде жеткенде төрт баланың анасын арашалап қалуға болар ма еді дейді. Ал тәртіп сақшылары бір баппен қылмыстық іс қозғап, күдіктінің қамауға алынғанын хабарлады.

Еділ Алтынбаев, Түркістан облысы ПД тергеу басқармасының тергеушісі:

- Күдікті қылмысын толық мойындап, өкінішін айтуда. Айғақ зат ретінде алынған заттарға қатысты сот сараптамасы тағайындалған. Күдікті профилактикалық есепте тұрмайды. Көрші және туыстарынан осы күнге дейінгі жанжалшу болғаны жайлы арыз-шағым осы күнге дейін түспеген.

Қазір кәмелетке толмаған төрт бала әжесінің қолында. Анасынан айырылған  екі ұл, екі қызға енді психологиялық көмек қажет. Балақайлар өз-өзіне келгенше білім бөлімі төртеуіне де онлайн режимде оқуға мүмкіндік беріпті. Ал «дер кезінде келмеді» деген полицейлерге қатысты тексеру жүргізілетін болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде