{metadescription}
Әдеп кеңесінің өкілдері: Лаура Мырзағали қызметінен кетсін
Әдеп кеңесінің өкілдері: Лаура Мырзағали қызметінен кетсін

Әдеп кеңесінің өкілдері: Лаура Мырзағали қызметінен кетсін

«Лаура Мырзағали қызметінен босатылсын»! Әдеп кеңесінің өкілдері басы дауға қалған Алматы қаласы бас дәрігерінің орынбасарына қатысты осындай жаза қолдануды сұрады. Алдағы уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл істі тексеріп, нақты шешім шығарады.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлеріне жаңа жыл қарсаңында бес-алты жалақы көлемінде мерекелік сыйақысы бір күнде аударылған. Ал басқарма басшының орынбасары қол астындағы қызметкерінен сол сыйақының бір бөлігін өзіне аударуды талап еткен бейнежазба тарап кеткен. 

Басы дауға қалған Алматы қаласы бас дәрігерінің орынбасары Лаура Мырзағалиге қатысты жүргізілген қызметтік тексеріс бүгін аяқталды. Әдеп жөніндегі кеңес өкілдері лауазымды тұлғаның әрекеті – қызметтік этикаға жат қылық деп бағалады. Олар Мырзағали мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылығы үшін атқаратын лауазымынан босату түріндегі жазалау шарасын қолдануды ұсынды.

Ильдар Үйсімбаев,  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы департаментінің басшысы:

- Кеңес туралы ереженің 27тармағының 1-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мырзағалиға ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңның 50-бабы, 1-тармағы, 2-тармақшасының тапатарының бұзғаны үшін атқарған мемлекеттік лауазымынан шығару туралы тәртіптік жаза ұсыну турулы жаза қолданылды.

Жақында Лаура Мырзағалидің қатысуымен әлеуметтік желіге даулы видео таралған. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлеріне жаңа жыл қарсаңында бес-алты айлық көлемде мерекелік сыйақысы бір күнде аударылған. Ал басшының орынбасары қол астындағы қызметкерінен сол сыйақының бір бөлігін өзіне  аударуды талап еткен. Бірақ оған көнбей, өзіне қарсы шыққан маманға Мырзағали дауыс көтеріп айқайға басқан. Лауазымды тұлға қылығына қатысты өз уәжін айтты.

Лаура Мырзағали:

- Біз өткен  жылы қатты  қиналдық.Карантин кезінде жұмыс көп болды.  24 сағат бойы жұмыс істедік. Күн сайын 15 сағат бойы тапжылмай қызмет еттік. Осы адами факторды ексерулеріңізді сұраймын. Өткен жылы қатаң сөгіс алдым. Тексерісте мен демалыс алуды сұраған едім. Себебі, қауырт жұмыстан шаршадым.  Мен қателігімді түсінемін.Кеңес дұрыс шешім шығарады деген ойлаймын.

Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаевты Әдеп кодексі нормаларының талабын бұзғаны үшін сөгіс түріндегі тәртіптік жауапқа  арту ұсынылды. Дегенмен, қаланың бас дәрігері орынбасарын ақтап алуға барынша тырысты.

Нариман Табынбаев, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Өкінішке қарай, дау болғанын мойындаймын. Бірақ мен қарамағымдағы қызметкерімнің пандемияда қарқынды жұмыс істегенін айта аламын. Лаура Мырзағали қызметіне адал болды. Тәртіп орнатты. Ал оны видеоға түсіріп алған қызметкер бәрімізді сырттай түсірген. Мені де талай мәрте түсіріпті. Бірақ қуанышқа орай, мен оған артық сөз айтпадым. Балағат қолданбадым. Сондықтан орынбасарымның әрекетін мен жақтаймын. Ол орынды талап қойған.

Әдеп жөніндегі кеңес өкілдері ұсыныстарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберді. Құзырлы орган мәселені егжей-тегжейлі тексеріп, алдағы уақытты шешім қабылдайды. Осыған дейін Лаура Мырзағали жалған медициналық анықтама жасағаны үшін басы дауға қалған еді. Жауапты орган бұл жайтты да тексереміз деп сендірді. А

Ал Қарлығаш есімді қызметкер заңды сыйақысын басшысының қолына ұстатуға не үшін табанды түрде қарсы болғанын әзірге түсіндірген жоқ. Ол басқармада жұмысын жалғастыруда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.