{metadescription}
Ақтөбеде 16 жастағы қыз өз анасын өлтірді
Ақтөбеде 16 жастағы қыз өз анасын өлтірді

Ақтөбеде 16 жастағы қыз өз анасын өлтірді

Ақтөбеде өз анасын өлтірді деген күдікпен мектеп оқушысы қамауға алынды. 16 жастағы қызға қанды қылмыс жасауға колледж студенті көмектескен. Қазір екеуі де абақтыда отыр. Марқұмның көршілері қызы мен анасы күнде ұрысып, айқайласып жататын дейді.

Қанды қылмыс болған пәтерді полицейлер мөрлеп қойған. Мұнда оқушы қыз анасымен тұрыпты. Көршілермен жақын араласпаған. Сондықтан күнде неге жанжалдасатынына мән бермек түгілі, аты-жөнін сұрап таныспаған көрінеді. Күдікті анасын қалай өлтіргенін ешкім ашып айтпайды.

Тәртіп сақшылары 19 жастағы студент екеуіне қатысты қылмыстық іс қозғап, қамауға алдық деп отыр. Ал анасын өлтірген қыз 16 жасқа толғанымен кешкі мектептің бесінші сыныбын енді бітіргелі жатыр екен. Бұрын бастауышты оқып сабағын тастап кеткен. Тек былтыр ғана партаға қайта отырыпты. Сабақ үлгерімі нашар болғанымен, тәртібіне тағар мініміз болмады дейді мұғалімдері.

Аида Жүсіпова, педагог-психолог: 

- Қызымыз бесінші сынып оқушысы. Тәртібі жақсы. Ата-анасы дегенде, аз қамтылған, толық емес отбасы. Анасымен бірге тұрды. Оқу үлгерімі шамалы қиындау болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

06 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде