{metadescription}
Самса сататын дүңгіршекте тышқандар жосып жүр
Самса сататын дүңгіршекте тышқандар жосып жүр

Самса сататын дүңгіршекте тышқандар жосып жүр

Ақтауда тағамын тышқан аралаған дүңгіршекті тексеруге рұқсат жоқ. Маңғыстау облысы  санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті осылай деп қол қусырып отыр. Себебі: тиісті органға ешкім арыз түсірмеген. 

Әлеуметтік желіде таралған видео көптің үрейін ұшырды. Ақтаудағы базар маңында самса сататын дүңгіршекте тышқандар жосып жүр. Кеміргіштердің ашыққаны соншалық, видеоға түсіріп тұрған адамнан да қорықпайды.

СЭС мамандары кәсіпкерлерді тексеруге жарияланған мораторийге байланысты дүңгіршек иесіне ештеңе істей алмаймыз деп шарасыздық танытуда. Тек біреу уланып, фото, видео дәлелімен бірге ұшынған тағамның түбіртегін алып келсе ғана тексере алатынын айтады. Ал тазалықты ұмытып тышқандарға жем болған кәсіпкер дүңгершегін жауып басқа жерге көшіп кетіпті.

Мәдина Рахметова, Маңғыстау облысы анитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің бас маманы:

- Тексеру жүргізе алмаймыз. Егер аталған видеоролик пен  заңды немесе жеке тұлға арыз шағым түсіретін болса, сол жерден өнімді сатып алғаны жөніндегі түбіртегі болса, содан кейін ҚР прокуратурасының құқықтық статистика есепке алу комитетіне арыз жолдаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде