{metadescription}
Жамбыл облысы: Жарылыстан қаза тапқан өрт сөндірушілерге –  ескерткіш тақта
Жамбыл облысы: Жарылыстан қаза тапқан өрт сөндірушілерге –  ескерткіш тақта

Жамбыл облысы: Жарылыстан қаза тапқан өрт сөндірушілерге –  ескерткіш тақта

Жамбыл облысындағы әскери бөлімдегі жарылыстан қаза тапқан өрт сөндірушілерге ескерткіш тақта қойылды. Байзақ ауданында болған апатта жалынмен арпалысқан 10 қызметкер ажал құшқан.

Енді сол батырлардың ерлігі ұмытылмас үшін тараздағы өрт сөндіру ғимараттарының  алдына осындай ескерткіш тақталары тұрғызылды. Оның ашылуына марқұмдардың туыстары мен қызметтес болған әріптестері көптеп жиналды. Сөйтіп бейбіт күннің батырлары жайында көптеген естеліктер айтылды. Мемориалға қызмет бабында қаза тапқан 14 құтқарушының есімі қашап жазылған. Оны әскери қоймадағы жалынды ауыздықтаймыз деп ажал құшқандар.

Сегіз ай бұрын Байзақ ауданындағы оқ-дәрі сақтау қоймасында жойқын жарылыста 17 адамның өмірі қиылған. Төтенше жағдайдың себебі әлі анықталмады.

Жұмағали Жарболов, Тараз қаласының тұрғыны:

- Бұл төтеше жағдай елемізде енді қайталанбасын. Елімізге тыныштық береке берсін. Ынтымақ бірлік, ел аман жұрт тыныш болсын. Мұндай естеліктер тек жақсылық үшін тұрғызылуына тілектеспін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

06 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде