{metadescription}
Қазақстанға Түркиядан 16 миллиард доллар инвестиция құйылған
Қазақстанға Түркиядан 16 миллиард доллар инвестиция құйылған

Қазақстанға Түркиядан 16 миллиард доллар инвестиция құйылған

Соңғы 16 жылда Түркиядан Қазақстанға 16 миллиард доллар инвестиция құйылған. «Бұл бауырлас мемлекеттің бізге деген сенімінің жарқын көрінісі»- деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент мемлекеттік сапарының екінші күнінде жергілікті ірі компаниялары басшыларымен кездесті.

Түркияның Қазақстанда іске асырып жатқан ірі инвестициялық жобалары мен бірлесе атқарып жатқан жұмыстарын тамашалап, екі елдің сауда нарығындағы серіктестігінің әлеуетін бағамдады. Ел президентінің бұл алғашқы мемлекеттік сапарында 30 түрлі коммерциялық құжатқа қол қойылған.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапарының екінші күні түрік кәсіпкерлерінің Қазақстанда іске асырып жатқан ірі инвестициялық жобаларымен танысудан басталды. Өткен жылы олар жалпы сомасы 680 миллион долларын Қазақстанға аударыпты.

Кездесуде мемлекет басшысы Қазақстан үшін өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау салалары маңызды екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жер астындағы байлықты пайдаланудың тиімді тұстарын атап өтіп, геологиялық барлау бойынша бес жобаны ұсынды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Транскаспий дәлізіне Құрық теңіз айлағы қосылған соң Қорғастан Стамбулға жүк тасымалдау уақыты бес есеге қысқарды. Бұрын 60 күн жүретін жүк қазір небәрі 13 тәулікте жетеді. Біз мұнайды Қытай мен Еуропаға экспорттау жолдарын әртараптандыруды қолға алдық. Соның ішінде Түркияның көлік дәліздерін пайдалана бастадық. Мұнай құбырларының өткізу қабілетін арттыру және Ақтау, Құрық теңіз айлақтарын жаңғырту жұмысы басталды.

Екі ел арасында 30 коммерциялық құжатқа қол қойылған. Бұл екі елдің алыс-берісін жандандыруға тың серпін береді деп сенемін деді президент. Мемлекет басшысы іскерлік топтарға жаңа Қазақстанда ұлттық экономика түбегейлі жаңғыратынын жеткізді. Саяси тұрақтылық нығайып, шетелдік инвесторлар үшін экономикалық мүмкіндіктер көбейе түсетінін мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Бесінші маусымда жалпыхалықтық референдум өткізілетін болды. Конституциямыздың 33 бабына түзетулер енгізіледі. Менің мақсатым   халқыма мейлінше еркіндік беру, демократия мен заң үстемдігін күшейту. Президент ретінде ешқандай артықшылықтар мен жеңілдіктерге құмар емеспін. Мұндайды қаламаймын.

Сонымен ел президентінің Түркияға екі күндік сапары осылай қорытындыланды. Өз кезегінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанға шақыртуына қабыл алып, биыл күзде келетінін жеткізді.

Ал Қазақстан президентінің келесі аялдамасы Ресей астанасы Мәскеуде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымының саммиті мен Бішкектегі Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басқосуы болмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.