{metadescription}
Жеті жасар баланы ересек үш оқушы мектеп дәретханасында зорлаған
Жеті жасар баланы ересек үш оқушы мектеп дәретханасында зорлаған

Жеті жасар баланы ересек үш оқушы мектеп дәретханасында зорлаған

Жеті жасар баланы 7-сыныптың үш оқушысы жабылып, бірнеше рет мектептің дәретханасында зорлаған. Осылай деген жеткіншектің әкесі жантүршігерлік оқиғаның жай-жапсарын айтып берді. Сұмдық жәйт Алматыдағы жекеменшік білім ошағында болған.

Алайда оқу орнындағылар бұл мәлімет шындыққа жанаспайды деп, керісінше, қорлық көрді деген баланың өзін кінәләп шықты. Қазір полиция қылмыстық іс қозғап, тиісті сараптамалар тағайындаған. Білім және ғылым министрлігі жанжал шыққан жекеменшік мектепті толық тексеріп, бұл жағдайды ерекше бақылауда ұстаймыз деп ақталуда. 

Жеті жасар жеткіншектің әкесі бет-жүзін көрсетпей, дауысы мен есімін өзгертуді сұрады. Мұстафа жалғыз өзі екі баланы тәрбиелеп отырған әке. Айтуынша, 1-сыныпта оқитын кенжесіне 7-сыныптың оқушылары күн көрсетпеген. Ал осыдан бір ай бұрын ұлы мектептің дәретханасында 12 мәрте зорланғанын айтақанда, төбе шашы тік тұрыпты. 

Мұстафа:

- «Әке, олар мені қорқытады» дейді. Кәрім дегені тапанша алып келіп қорқытады, «ылғи да пышақпен қорқытады» дейді. Сабақ болып жатқан кезде мұғалім оны тек бір өзін жібереді екен. Сонда ана балалар келіп дәретханада оны...  «Көзімді жұмды, қолымды қайырыд» деді. Бірінші біреуі істеді, кейін, екіншісі істеді деді.  Кейін біраз уақыт өткесін, ірі біреуі бар, соны көрсете аламын деді. Оны бір аптадан кейін айтты. Олар – үшеу.

Оны естіген әкесі бірден полицияға арыз жазып, ұлын сараптама жасауға алып барған  Зорлау дерегі расталды дейді. Өйткені сол оқиғадан кейін кежесінің ішегі жарақттанып, дәретке отыра алмай, қиналады екен. Енді зар еңіреген Мұстафа мұның барлығына дәл сабақтың үсінде ұлын тысқа мәжбүрлеп шығарған сынып жетекшісін де жазалатуды көздеп отыр. 

Мұстафа:

- Мектептің мұғалімі әдейі шығарады екен. Бір мәрте шықпай тұр едім, әке, ол мені сызғышпен ұрды деді. Дәлізге шығып, міне, ешкім жоқ қой, деп айтып тұр дейді. Шыққым келмей тұрса да, шығаратын дейді. Бір өзін, баланың.

Небәрі жеті жасында осындай қорлық көрген баланың әкесі жантүршігерлік оқиға дәл осы жекеменшік мектептің дәретханасында болғанын айтады. Біз қазір төбеде жазулы тұрған нөмірге де хабарласып, есікті бірнеше мәрте қағып та көрдік. Алайда ешкім әлі ашпай тұр.

Бірнеше сағаттан кейін ақыры есік ашылды. Алайда басы дауға қалған білім ордасының басшылығы емес, мұғалімі шықты. «Бұл мектепте баланың зорлануы мүмкін емес» деген ол зәбір көрген жеткіншектің өзін кінәләп отыр.

Наталья Қанаева, математика-тілтанымдық мектеп-балабақшасының мұғалімі:

Мен бұл баланы білемін. Менің сыныбымда оқымаса да, сырттай білемін. Менің балаларым оған бірнеше рет шағымданған. Ол балағат сөздер айтып, әдепсіз әрекет көрсетеді. Ресми мәліметтерге сүйену керек. Әлеуметтік желіде тараған ақпараттар бұрмаланып жазылған. Біз балаларымызды ешқашан қараусыз қалдырған емеспіз.

Тергеу амалдын жүргізіп жатқан полиция  сараптаманың қорытындысының әлі шықпағанын айтты. Қазір білім ордасының мұғалімдері мен оқушылардың ата-аналарынан жауап алынуда. Тергеу барысын қадағалау үшін процессуалдық прокурор да тағайындалыпты.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

- Аталмыш дерек біріңғай тергеу ҚК 121бабының 4-тармағы бойынша тіркеліп, тергеу басталып кетті. Бірнеше сараптамалық зерттеулер тағайындалып, олардың нәтижесі бойынша процесуалды шешім қабылданады. ҚК осы нормасы бойынша заң шығарушы орган 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Бірақ бұл азамат кішкентай жасөсіпірім балалардан күдіктенеді. Міндетті түрде бұл жәйт есепке алынады. Үкім шығарарда, сотпен.

Білім және ғылым министрлігінің өкілі де жекеменшік мектепте оқитын 1- сынып оқушысы зорлық құрбаны болды деген ақпараттан соң бүгін Алматыға ұшып келді. Енді олар да мектеп те тексеруді бастамақшы.

Дулат Жекебаев, Бала құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары:

- Бұл сұрақ бойынша бүгін комитеттің төрағасы және министрдің штаттан тыс кеңесшісі екеуі шұғыл түрде Алматыға ұшып кетті. Қазір Алматы қаласының полиция департаментімен ісәрекеттер жүріп жатыр. Біз департамен порлициясымен хабардамыз. Жалпы бұл сұрақ аса үлкен бақылауға алынды. Қазіргі таңда атаанасымен кездесу жоспарлануда.

Ал баламның тағдырына балта шабылды деген Мұстафа бұл істің соңына дейін баруға бекініп отыр. Енді ол сынып жетекшісі мен мектеп әкімшілігін түгел  жазаға тартылып, ұлы зәбір көрген мектептің жабылғанын қалайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

06 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.