{metadescription}
Қарағандыда зейнеткерлерді алдап келген алаяқтар қолға түсті
Қарағандыда зейнеткерлерді алдап келген алаяқтар қолға түсті

Қарағандыда зейнеткерлерді алдап келген алаяқтар қолға түсті

Қарағандыда тек қана зейнеткерлерді алдаумен айналысқан алаяқтар тобы қолға түсті. Олар кез келген зейнет жасындағы адамға туыстарының қиын жағдайға түскенін хабарлап, меселені шешуге деп берген қаражаттарын қолды қылып отырған.

Мұндайға екінің бірі сене қоймаса да, бұлардың құрығына жыл басынан бері 14 қария ілініпті. Алаяқтар олардан бас аяғы 7 миллион теңгеге жуық қаражат алған. Жақында ғана полицияға Ресейдегі жиеніне қажет болған қаражатты жөнелттім деген зейнеткер арызданады. Жаназасына жиған 300 мың теңгесін берген соң ғана секем алып, есін жиған қария алданғанын түсініпті. Жыл басынан бері қылмыстық топтың ізінде жүрген арнайы құрылған топ алаяқтарды ақыры Теміртау қаласынан ұстады. 39 бен 44 жастағы екі күдіктінің пәтерінен қомақты қаражат, түрлі айғақтар  мен баукеспелердің құлып бұзуға арналған құрылғылары тәркіленді.

Мерей Сәдібеков Қарағанды қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы:

- Алданған тұрғындардан ақшаны алып кетуге келген адамның пәтерде қалдырған саусақ іздері алынды. Сол арқылы осы қылмыстық топтың ізіне түсу мүмкін болды. Қазіргі заманда мұндайға ешкім сенбейді дегенімізбен, алданатын адамдардың дені зейнеткерлер. Олар егде адамдардың сеніміне кірудің қыр сырын меңгеріп алған.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде