{metadescription}
Қазақстанда қант экспортына тыйым салынады
Қазақстанда қант экспортына тыйым салынады

Қазақстанда қант экспортына тыйым салынады

Қазақстанда қант экспортына тыйым салынады. Ақ қант пен құрақ қант шикізатына шектеу алты ай мерзімге енгізілмек. Ауыл шаруашылығы министрі қол қойған бұйрық 23-мамырдан бастап күшіне енеді.

Елімізде экспорттан гөрі импорттың салмағы басым. Былтыр шетелге небәрі 2,7 мың тонна қант сатыппыз. Ал тұтынылатын шекердің 58 пайызы өзге елден келген. Ресейдің өзінен ғана соңғы бір жылда 275 мың тоннадан астам қант әкелініпті. Бұл былтырғымен салыстырғанда 12,7 пайызға аз. 230 тоннадан аса қантты Бразилия, Беларусь, Мексикадан сатып алып, еліміз өз өндірісін ұлғайтқан. Көрсеткіш 2020 жылға қарағанда 89 пайызға жоғары.

Енді тамыз айының соңына дейін үкімет тағы 250 мың тонна өнім сатып алмақ. Бұған дейін мамандар республика қантты аз мөлшерде экспорттайтындықтан, шетелге сатуға тыйым салу ішкі нарықта аса білінбейтінін айтқан еді. Ал ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстан қант импортын 32 пайызға төмендететінін мәлім еткені есте.

Наурыз айында "қант таусылады, қымбаттайды" деп ел дүрліккен. Расымен баға үш есе көтерілді. Негізінен бұған Ресейдегі қант экспортына салынған тыйымның да әсері болыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде