{metadescription}
Алматыда сүрілмеген ескі үйлердің төбесі опырылып түсіп жатыр
Алматыда сүрілмеген ескі үйлердің төбесі опырылып түсіп жатыр

Алматыда сүрілмеген ескі үйлердің төбесі опырылып түсіп жатыр

Алматыда екі қабатты ескі үйдің төбесі бірінен кейін бірі опырылып түсіп жатыр. Мұндай оқиғалардың жиілеуі тозығы жеткен баспанада тұратын жұрттың үрейін үдеткен. Шарасыздықтан шырылдаған тұрғындар басқа үйге көшпесек, үйіндінің астында қалуымыз мүмкін деп шулады.

Адам төзгісіз жағдайда тұрып жатқан жұрт ескіні жаңа үйге айырбастау бағдарламасының шапағаты тие ме деп ұзақ жылдан бері күдер үзбей келеді. Алайда шенділер 60 жыл бұрын салынған үйлерді сүруге асығар емес. Үрей құшағында өмір сүріп жатқан бұқараның базынасы көп.   

Жақында екі қабатты ескі үйдің ішіндегі пәтердің төбесі жартылай опырылып түскен. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл оқиға 60 жыл бұрын салынған баспанада тұратын бұқараның үрейін одан сайын үдетті. Тұрғындар үйіндінің астында қаламыз ба деп жандарын шүберекке түйіп отыр.

Сырғагүл Кемерова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Құлауға шақ тұр. Былай түртіп қалсаң, құлап жатыр. Едені тесіктесік. Астында тышқандар жүр. Әне, төбені қараңыздар. Адамның басына түседі. Астының барлығы су. Отырмыз, міне. Бұл жерде қаншама адам тұрып жатыр.

Райымбек даңғылының бойында орналасқан алты үйдің сырты да, іші де оңып тұрған жоқ. Қабырғасы қақырап, сылағы сыпырылып жатыр. Едені ескірген. Тоқ салбыраған. Жауын-шашында төбеден су сорғалайды. Тозығы жеткен баспананы қайта-қайта жамағанымен, оның пайдасы шамалы.

Сәуле Ибрайымова, Алматы қаласының тұрғыны:

- 2003 жылдың мамырында үйлерің сүріледі деп айтқан. Одан кейін бірнеше жиналыс болды. Құжат жинады. Бізді әкімдікке шақырды. Бірақ нәтиже жоқ. Не жөндемеді, не сүрілмеді. «Күтіңдер» дейді. Міне, жиырма жыл болды. Жылда айтады. Бірақ сүрмейді.

Шарасыздықтан шырылдаған халық талап-тілектерін шенеуніктерге талай мәрте жеткізген. Алайда әкімдіктегілер: «Үйлеріңіз бұзылатыны айдан-анық, бірақ қай күні екенін нақты айта алмаймыз» деп, - қысқа ғана қайырды. 

Қуаныш Сейтімбетов, Жетісу ауданы әкімдігі коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы:

- 163 үйдің тізімін бердік. Осы үйлерді сүруге ықпал жасаймыз. Инвестор тарту арқылы, коропорация арқылы жұмыс жасаймыз. Мен ойламаймын, бұл жерде қиындықтар туындайды деп. Қалай бізге айтады. Соған орай бірлесіп жұмыс істейміз.  

Өткен жылы басталған ескі үйлерді жаңарту бағдарламасын «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұйымдастырады. Ұлттық компания алдағы төрт жылда қаланың келбетін қашырып тұрған дәл осындай екі қабатты үйлердің көзін жоймақ. Мәселен, Жетісу ауданында мұндай апатты үй саны 200-ге жуық. Сондықтан қорқынышпен өмір сүріп жатқан қарашаның күтуден басқа амалы жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

06 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.