{metadescription}
Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қалған оқ-дәрінің көзін жою қайта қолға алынды
Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қалған оқ-дәрінің көзін жою қайта қолға алынды

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қалған оқ-дәрінің көзін жою қайта қолға алынды

Жамбыл облысы тұрғындарының гүрсілдеген дауыстан тағы да мазасы қашатын болды. Байзақ ауданындағы оқыс жағдай болған әскери бөлімде қалған оқ-дәрілердің көзін жою қайта жанданды. Бұл шаруа екі ай бұрын басталған еді.

Бірақ жергілікті шаруа қожалықтары мал төлдейтін уақытта жарылыс ұйымдастырмауды өтінген. Сөйтіп кейінге шегеріліпті. Бүгіннен бастап қару қалдықтарын жару ісі қайта қолға алынды. Бұл процесс елдімекендерден қашық жерде жүзеге асырылуда. Әскерилер, оның адамға да, жан-жануарға да зияны жоқ деп сендіреді. Бұл жайында жақын маңдағы тұрғындардың бәріне ескертіліпті.

Қанша оқ-дәрінің көзі жойылатыны жөнінде толық мәлімет жоқ. Белгілісі, жару қараша айына дейін жалғасады.

Байзақ ауданындағы қару-жарақ қоймасында жойқын жарылыс болып, 17 адам ажал құшқан. Бір әскериден әлі күнге хабар жоқ. Төтенше жағдайдың себебі де күні бүгінге дейін айтылмады.

Еркін Әбсадықов, 28349 әскери бөлімнің командирі:

- Жару жұмысы дүйсенбіден жұмаға дейін әр күндері өткізіледі. Бір жарғанда аздан жарып жатырмыз. Өйткені жақын жатқан елдімекендердің қауіпсіздігі үшін. Бір жарғанда тротил салмағы 600-700 келі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.