{metadescription}
Ақтөбеде тасқында қалған 22 үйге өтемақы әзірге берілмейді
Ақтөбеде тасқында қалған 22 үйге өтемақы әзірге берілмейді

Ақтөбеде тасқында қалған 22 үйге өтемақы әзірге берілмейді

Ақтөбеде көктемгі тасқын астында қалған 22 үйге өтемақы  әзірге берілмейді. Екі ай бойы шығын есептеумен айналысқан комиссия осындай қорытындыға келген.  Себебі, бүлінген баспаналардың ешбір құжаты жоқ. Бірақ әкімдіктегілер оны рәсімдеуге көмектесеміз деп отыр.

Асхат Шахаров, Ақтөбе қаласының әкімі:

Біз құжатты дайындап болғаннан кейін бағалаушы компания өз жұмысын қайта бастайтын болады. Соған байланысты бюджеттен тыс біз көмек беретін боламыз.

Тасқын кезінде Ақтөбеде 142 үй бүлінген. Соның тек 120-сына ғана өтемақы беретін болған. Қазынадан оған 127 миллион теңге бөлініпті. Қазір әр отбасына келген шығынға қатысты түрлі сомада ақша үлестіріліп жатыр. Ең азы 100 мың теңге, ал ең көбі 3 миллион теңгеден асады. Комиссия тек бүлінген үйдің құрылыс материалдарын ғана есепке алдық деп отыр. Жиһаздары мен тұрмыстық техникалары саналмапты.

Бірақ берілетін өтемақыны тасқыннан зардап шеккендердің бірқатары азсынып отыр. Ол құлаған үйімізді қалпына келтіруге жетпейді деп налиды. Тасқын кезінде баспанасыз қалған алты отбасы екі айдан бері жатақхана жағалап жүр.

Ақбота Оразова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

Үй түгел қирап қалды. Тұруға келмейді. Төбесі құлаған. Жанжағы екібастан құлап қалған. Беретін ақшасы фундамент құюға да жетпейді. Үйім 71 шаршы метр. Соған шығып тұрғаны миллион 186 мың.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қыркүйек

23 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде