{metadescription}
Алматыда берешегі бар азаматтардың көлігін жаппай тәркілей бастады
Алматыда берешегі бар азаматтардың көлігін жаппай тәркілей бастады

Алматыда берешегі бар азаматтардың көлігін жаппай тәркілей бастады

Алматы қаласының жүргізушілері мемлекетке 5 миллиард теңге қарыз. Салықшылар мен сот орындаушылар берешегі бар азаматтардың көлігін жаппай тәркілей бастады.

Салықты өтеуден жалтарып жүргендердің тең жартысы қозғалтқыш көлемі жоғары қымбат көлік мініп жүрген қалталы тұрғындар екен. Кейбіреулерінің берешегі, тіпті миллион теңгеден асқан.

Toyota Tundra-ның иесі мемлекетке 1 млн 300 мың теңге берешек. Жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдары да қордаланып қалыпты. Темір тұлпары үшін салықты айып тұрағына  жеткізбей-ақ, сол сәтте төлеп тастады. Көлік салығын үш жыл бойы елемей келген жүргізушінің бұдан бөлек 7 машинасы бар екен.

Жалпы, автокөлікке салықты әр жылдың бірінші сәуірінен кешіктірмей төлеу қажет. Алматы қаласы бойынша 600 мың көлік есепте тұрса, оның 60 мыңының салығы уақытылы төленбеген.

Ең қызығы, қарыздан қашып жүргендердің жартысы Bently, Mercedes сынды элиталы маркалы көлік мініп жүрген  кәсіпкерлер. Мамандар бүгіннен бастап "Сергек" камералары арқылы салықтан жалтарып жүргендерді жаппай ұстап жатыр.

Қуаныш Түменбаев, Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы:

Азаматтардың барлығына біз салық хабарламаларын жолдадық. Салықты уақытылы төлеу жөнінде. Алайда олар салық органдарының талабын орындамады. «Қарызсыз қала» атты акция басталды бүгіннен бастап. Бұл акция бір ай өтеді. Осы акцияда рейд өткізіп, борышкерлердің автокөліктері айып тұрақтарына қойылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

06 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.