{metadescription}
Ақтөбе облысында қара шегіртке қаптауы мүмкін
Ақтөбе облысында қара шегіртке қаптауы мүмкін

Ақтөбе облысында қара шегіртке қаптауы мүмкін

Биыл Ақтөбе облысында қара шегіртке қаптауы мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрлігі әсіресе Әйтеке би ауданы зиянкестердің отанына айналады деп қауіптеніп отыр. Қазақстан бойынша фитосанитарлар 760 мың гектар жерге химиялық өңдеу жүргізіпті. Жердің басым бөлігі Әйтеке би ауданына тиесілі. Салалық орган егістікті отайтын зиянкестермен барынша күресіп жатыр.

Алмабек Марс, ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы:

- Қазіргі таңда үлкен қаупі бар, бұл – Ақтөбе облысы. Біздің назарымызды алаңдатып отырған. Жақында Әйтеке би ауданында мәжіліс өткізіп, техниканың дайындығын қарап, штаб отырысын өткіздік сол жерде. Республика бойынша біз 760 мың гектар жерді өңдесек, соның тек бір ауданында, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында 212 мың гектар жер өңдейміз. Біз үшін үлкен жұмыс.

Биыл шегірткеге қарсы күреске екі жарым миллиард теңге жұмсалады. Керек-жарақтың бәрі алынып, жұмыстар басталып кеткен. Алайда, зиянкестердің таралу аумағы 2018 жылмен салыстырғанда едәуір қысқарыпты. Мамандар сондай-ақ, Қытай, Ресей, Өзбекстаннан жылда көшіп келетін шегірткелердің биылғы маусымда аса байқалмағанын айтады. Оған бір жағынан жүргізілген зерттеулер нәтиже бергенге ұқсайды. Бүгінде шегірткемен күрес жұмыстары субсидияланады. Жергілікті бюджеттен қыруар ақша бөлініп келеді. Алайда, бұл жұмыстар шаруаларды шаршатқан сыңайлы. Олар «Атамекен» палатасымен бірігіп, екі жыл бұрынғы жүйені қайтаруды сұрап отыр. Яғни, алдағы жылдары шегірткемен күрес шаралары қайтадан тұтастай мемлекеттің құзырына берілуі мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде