{metadescription}
«Алматыгаз» жұмысшылары бас көтерді
«Алматыгаз» жұмысшылары бас көтерді

«Алматыгаз» жұмысшылары бас көтерді

Жұмыс ауыр, жалақы төмен! «Алматыгаз» абоненттік есептеу орталығының 100-ге жуық маманы айлықты көтеруді талап етіп, наразалылық білдірді. Қала ішіндегі үйлерге көгілдір отынды қосып, ақау шыққан газ құбырын жөндейтін слесарь мен техниктер 90 мың теңге жалақы ай сайын азық-түліктен артылмайды деп қынжылды. Оған қоса жұмысшылар жол шығыны мен құрал-сайманды сатып алу үшін де өз қалталарынан қаражат шығарады екен.

«Жалақыға жарымадық» деген «Алматыгаз» мекемесінің 100-ге жуық жұмысшысы бүгін бас көтерді. 90 мың теңге айлықты шайлығына жеткізе алмай қиналған слесарь мен техниктер еңбегіміз лайықты бағаланбайды деп базынасын жеткізді.

Еламан Жанәбіл, слесарь:

- Бізге төрт ай болды. Осылай жиналамыз. Қоя тұрыңдар дейді.09.15 Тағы бір ай уақыт беріңдер дейді. Біз бір ай уақыт күтіп шаршадық. Айлығымыз несиемізге жетпейді. Тамақ, балашаға бар. Анау-мынау төлейтініміз бар. Жағдайымыз жетпей жатыр. Жолымызға төлемейді. Жеке көлік бермейді. Өзіміздің көлікпен ақша құйып барамыз үйлерге.

Тауы шағылған жұмысшылар таңнан қара кешке дейін Алматыдағы үйлерді аралап, газ құбырын жөндейді, тексереді, ақау шықса қалпына келтіреді. Оған қоса сан түрлі құжат толтыру міндеті де осы слесарь мен техниктердің мойнына жүктелген. Қағазбастылықтан шаршаған жұмысшылар жол шығынынан бөлек қажетті құрал-сайманды да өз қаражатымызға сатып аламыз деп кейіді.

Медербек Жасыбаев, слесарь:

- Жұмыс орындауға барған үйдің қожайынынан маған кілт керек еді деп тұрмаймын ғой. Күнделікті жұмысымды орындау үшін қажетті кілттерді жинап алдым. Сапасына да ештеңкесіне қарамай, қолым жеткен ақшаға сатып алдым. Бірақ ол қауіпті. Мен үшін де қауіпті. Мен үйіне барып қызмет көрсеткен үйдің мүлкіне де қауіпті. Өміріне де қауіпті. 

Әрсен Шәлімбетов, слесарь:

Ивентаризация дейді. Қағазбастылықты біздің жұмысшыларға артып қойған. Ол жұмыс жасай ма, әлде қағаз толтыра ма?! Айтылды емес қағазбастылықтан құтылу керек деп. Бізде барлығы керісінше.

Үйлеріне көгілдір отын тартқан тұрғындарға қызмет көрсететін мамандар тоз-тозы шыққан ғимаратта отырады. Жұмыс істеуге мүлдем жағдай жасалмаған деп шулаған жұмысшылардың ортасынан осы мекемені басқаратын «Qazaq Billing» серіктестігінің директоры табылды. Елордадан ат арылтып келдім деген жекеменшік компанияның басшысы жалақы мәселесін екі аптада шешеміз деп ант-су ішті.

Дмитрий Махров, «Qazaq Billing» компаниясының атқарушы директоры:

- Күн тәртібіне еңбекақыны көтеру, жұмыс істеуге ыңғайлы жағдай жасау мәселесін қойдық. Менің ойымша, 15 күнде нақты шешімдер қабылдай бастаймыз. Барлығы ретретімен болады. Бюджет негізі бөлінген. Бірақ қаржыны қайта бөлу керек болса оны да қарастырамыз.

Төрт айдан бері талабымыз орындалмады деген жұмысшылар түйіткілдің түйіні 15 күнде тарқайды дегенге сенбейді. Газ мамандары уәде етілген мерзімде маңдай тер ақымыз көтерілмесе аштық жариялап, наразылық шарасын жалғастырамыз деп тарқасты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қыркүйек

23 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде