{metadescription}
«Толқын көтерілгенде суға шомылмаңдар деп ескерттік»
«Толқын көтерілгенде суға шомылмаңдар деп ескерттік»

«Толқын көтерілгенде суға шомылмаңдар деп ескерттік»

Үш рет ескертсек те, тыңдамады! Қапшағай су қоймасында төрт адам батып кеткен демалыс аймағының өкілі осылай деп ақталуда. Айта кетейік, кеше көлде толқын көтеріліп, екі жасөспірім мен екі ересек адам ағып кетті. Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті оқиға болған жерді шомылуға арналамаған дегенмен, бұл пікірмен жағажайды қоршаған қожайынның келіскісі жоқ.

«Голубой залив» деген аты болғанмен, жағалауы шомылуға толық жарақтандырылмаса да бұл ауданды жағалайтындар көп. Кеше таңертен бір үйдің бес адамы осында демалуға келген. Толқын көтерілгенде екі ағайынды бала бата бастап, артынан ағасы, әпкесі мен әжесі құтқаруға ұмтылған.

Игорь Жуков, Алматы облысы ТЖД басшысының орынбасары:

- Батып кеткен әйел 1990, ер адам 1992 жылғы. Ал, марқұм болған балалар 2007 және  2010 жылы туғандар. Төтенше жағдай департаментінің құтқарушылары екі бала мен ер адамның денесін судан алып шықты. Өкіншке қарай, тек 1954 жылғы әйел ғана аман қалды.

Марқұмдардың денесі табылған жағажай дым болмағандай жұмысын жалғастырып жатыр. Осында істейтін күзетші олардың арғы беттен ағып келгенін айтады.

Ермахан Жәңгіров:

- Шомылатын жерден 4 адам жоқ болды деді. Сонда мен осы жерде тұрдым, естігенім мына пляжға біреуін әкеліп тастаған. Сонан осы жерден іздеді, бұл жерден таппады да арғы неден үшеуін тауып алды. Шамалы жел болғаннан кейін желменен алып кетіп қалған оларды.

Қайғылы оқиға болған сәтте дәл осындай толқын жағаға ұрып тұрған көрінеді. Мұндай жағдайда суға түсуге болмайтынын бәрі білгенмен, өкініштісі көбі оны қаперіне ала бермейді. Жағалаудағы жұртты судан шығуға шақырып жүрген құтқарушылар да жоқтың қасы. Дәл қазір өздеріңіз көріп тұрғандай толқынға қарамай адамдар алаңсыз шомылып жатыр.

Ал, ағайындылар ағып кеткен демалыс аймағының есігі қазір жабық тұр.  Қожайыны камераға сөйлеуге құлық танытпады. Жағалауымыз барлық талапқа сай деген ойынан танбай тұр. Айтуынша, толқын көтерілгенде оларды суға түспе деп бір емес, үш рет ескерткен.

- Үш рет біздің құтқарушылар ескертіп айтты. Толқындарды көрсеттік. Олар алғашында келіскен. Сосын білгендерін істеді.

Марқұмдардың аман қалған апасы ауруханаға жеткізілгенмен, жатудан бас тартқан. Қонаев қаласында судағы қауіпсіздікті құтқарушылар қадағалайтын негізінен ресми рұқсат етілген жеті жағалау бар. Жабайы жағалаулар да жетерлік. Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, шомылу маусымы басталғалы Жетісу мен Алматы облысында жеті адам суға батып кеткен, оның екеуі бала.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде