{metadescription}
13 жылға сотталған Мұртузали Меджидовтың адвокаттары аппелляциялық шағым түсірмек
13 жылға сотталған Мұртузали Меджидовтың адвокаттары аппелляциялық шағым түсірмек

13 жылға сотталған Мұртузали Меджидовтың адвокаттары аппелляциялық шағым түсірмек

Кінәсін мойындағысы жоқ. Қазақстандық студент қыздың өліміне кінәлі деп танылған Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің баласы Мұртузали Меджидовтың адвокаттары апеллияциялық шағым түсірмекші. Естеріңізге салайық,  өткен аптада Мәскеудегі Измайлов сотының қазылар алқасы Томирис Байсафаны өлтіргені үшін Меджидовты 13 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Бір жылдан кейін қайта қаралған істе Мұртузали Томиристі терезеден қасақана итеріп құлатқаны дәлелденген.

Еске салсақ, 2018 жылдың сәуір айында Мәскеудегі Халықаралық қатынастар институтында оқитын отандасымыз Томирис Байсафа оқу орнының төртінші қабатынан құлап кеткен болатын. Ауыр жарақат алған қазақстандық студент сол күйі есін жимастан қайтыс болды. Алғашында тергеу комитеті "өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бабы бойынша іс қозғады. 2020 жылдың шілдесінде Дағыстан үкіметінің бұрынғы басшысы, беделді бизнесменнің ұлы Мұртузали Меджидов Томиристің өліміне қатысты күдікті ретінде қамауға алынды. Алайда былтыр жазда өткен қазылар алқасының қатысуымен өткен сотта  ақталып шығады. Бірақ марқұм қыздың ата-анасы бұған келіспей, апелляциялық сотқа шағым түсіреді. Осылайша бұл іс қайта қаралып, экс-шенеуніктің баласы 13 жылға темір торға тоғытылды. Томиристің анасы Жанна Ахметова Мұртузали Меджидов кінәсін сол күйі мойындамады, бізден кешірім де сұрамады деп қынжылды. 

Жанна Ахметова, Т. Байсафаның анасы:

- Наурыз айынан бері сот өтті. Аптаның сейсенбі мен бейсенбі күндері. Мен апелляцияға шағым түсіргенде осы істі Измайлов сотына жіберді. Бірақ Меджидов кінәсін мойындаған жоқ. Оның отбасы мүшелері төрт жыл ішінде көңіл айтуға да жарамады. Мен қатты шаршадым. Соңына дейін күрестім. Осымен тоқтаймын. Ешқайда шағым түсірмеймін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.