{metadescription}
Сәби саудалайтын шетелдік сайт анықталды
Сәби саудалайтын шетелдік сайт анықталды

Сәби саудалайтын шетелдік сайт анықталды

Елімізде сәби саудалайтын шетелдік сайт жұмыс істеп тұрған. 21 мен 25 жастағы алматылық екі келіншек жаңа туған нәрестесін сатып үлгерген. Прокуратура дәл осындай 50-ге жуық хабарландыру анықталған интернет ресурстың жұмысын тоқтатып, қазір қылмыстық топты іздестіріп жатыр.

Сайтта сәбиінен бас тартқандармен қоса, асырап алғысы келетін келіншектердің де өтініштері қаптап жүр. Дегенмен құзырлы орындардың құрығына іліккен желі қызметкерлері ізін жасыру үшін парақшаларын өшіріп үлгерген. Заңсыз әрекетке барғандардың ісі енді сотта қаралмақ. Анықталғандай сайт 2013 жылы тіркеліпті. Бірақ елімізде жұмыс жүргізгеніне жарты жыл ғана болған. Соның өзінде жасырын әрекеттерін сәтті жүргізіпті. Саудаға түскендердің дені 1 жасқа дейінгі балалар. Ал өз нәрестесінен жеріп, саудаға салғандар 30 бен 35 жас аралығындағы әйелдер. Қолға түскен екі келіншектің бірі Алматы қаласынан болса, екіншісі Түркістан облысының тумасы екен.

Ізбасар Масақбаев, Алатау ауданының прокуроры:

Біріншісі сәбиді басқа атааналардың қолына берілген фактісі анықталды. Екінші факті бойынша дүниеге әкелген ана баланы басқа ата-анаға беруден бас тартты. Оның өз ата-аналары бағып қарайтын болды. Қазіргі таңда Алатау ауданы бойынша сәбилерді сату я болмаса сатып алу фактілері анықталған желі анықталған болатын. Біздің ұсынысымз толығымен қанағаттандырылды. Қазіргі таңда ол сайт тоқтатылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде