2022 ҚР президентін сайлау
{metadescription}
Аялдама екі баланы басып қалған
Аялдама екі баланы басып қалған

Аялдама екі баланы басып қалған

Өскеменде дүлей дауыл соғып, қаладағы біраз нысанды қиратып кетті. Тіпті қатты жел аялдаманы ұшырып, зіл темірден 10 және 12 жастағы екі баланы басып қалған.

Секундына 16 метр жылдамдықпен соққан жел көшедегі тал-теректі де тамырымен қопарып өтті. Салдарынан электр желілері үзіліп, бірнеше шағын аудан жарықсыз отыр. Қазір коммуналдық қызметтер тас-талқаны шыққан көшелерді жинап, қалыпқа келтіруде. Ал, дүлей дауылға шыдас бермей, қаңбақтай ұшқан қос аялдама жақында ғана қойылған екен. Дұрыс бекітілмеген нысан екі қызды басып қалды. Зардап шеккен балалар бірден ауруханаға жатқызылды.

Ержан Солтанбеков, ШҚО «Ана мен бала» орталығының бөлім меңгерушісі:

- Сол жақ жанбас буынының шығуы анықталды. Тез арада наркозбен баланың буынын орнына салып, төскке жатқыздық. Қазіргі жағдайы орташа. Жақсы деп айтуға болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде