{metadescription}
Иесіз иттердің көзін жою басталды
Иесіз иттердің көзін жою басталды

Иесіз иттердің көзін жою басталды

Ақтөбеде 12 жастағы бала өлімінен соң мыңға жуық иесіз иттің көзі жойылды. Ветеринарлар бұралқылардан қауіптенген тұрғындардан өтініш көптеп түсіп жатқанын айтады.

Қазір қала бойынша қанша иесіз иттің барын ешкім білмейді. Ол түгілі ауласында байлаулы тұрған хайуанына құжат рәсімдеп, тіркетіп жатқандар жоқтың қасы. Дегенмен, ветеринарлар өтініш түссе дереу сол маңды шолып шығып, бұралқыларды алдымен дәрімен ұйықтатады екен. Қауіп расталса иесіз иттің көзі жойылады. Өйтпеске амалымыз жоқ дейді мамандар. Себебі осыдан тура жиырма күн бұрын 12 жастағы Мадияр есімді баланы бұралқылар талап өлтірген еді. Осы оқиғадан соң ветеринарлық бекеттің телефонына тыным жоқ. Бәрін жаппай жансыздандырып жатқандарын мамандар жасырмайды. Ал ит-мысықты аулап бағатын жекеменшік жалғыз панажай бар. Оған тек 500 ге жуық төрт аяқты мақұлық сияды.

Құсайын Сәрсенбай, Ақтөбе облыстық Ветеринария басқармасының басшысы:

- 1-19 Қазір біздің ең басты жұмысыз азаматтардың өтініштері бойынша ғана шығып отырмыз немесе полиция қызметкерлерінің өтінішімен. Өткен жағдайдан кейін әрине арыз-шағым көбейіп жатыр. Арыз шағымның көбейгені себепті қазіргі өткендегі жағдайдан кейіннің өзінде 800-ге жуық иттің көзін жойдық, ұстап жансыздандырдық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қыркүйек

23 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде