{metadescription}
Жұмысшылар жазым болды
Жұмысшылар жазым болды

Жұмысшылар жазым болды

Жамбыл облысындағы кәсіпорында қайғылы жағдай. Екі жұмысшыны фосфор ұнтақтайтын қондырғы турап тастаған.

Сұмдық оқиға «Қазфосфат» серікітестігінің Сарысу ауданындағы бөлімшесінде болды. «Қаратау кен өндіру» комбинатындағы фосфор ұнтақтайтын қондырғыны жөндеу кезінде ол іске қосылып кеткен. Ішінде бес адам болыпты. 35 және 28 жастағы екі қызметкер сол жерде жан тапсырды. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, құрылғы екеуінің денесін кескілеп, бөлшектеп тастаған. Қаза тапқандар дәнекерлеуші және слесарь болып жұмыс істеген екен. Өзге үш адам жеңіл жарақатпен құтылды. Қазір осы дерек бойынша іс қозғалып, тергеу басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде