{metadescription}
Мектепке орналастырудың машақаты
Мектепке орналастырудың машақаты

Мектепке орналастырудың машақаты

Елордада ата-аналар балаларын мектепке орналастыра алмай жатыр. Үйдің іргесіндегі білім ордасы бала саны толық, қабылдай алмаймыз деп жауап қайтарыпты. Бір қызығы онлайн тіркеу нәбәрі 5 минутқа созылған. Азаматтар осынша қысқа уақыттың ішінде бірінші сыныпқа арналған 4 мың орын қалай бірден толып қалғанын түсіне алмай отыр. Мектеп басшылығы бұған қандай уәж айтты? Білім басқармасы не дейді?

Бұл азаматтар таңғы сағат алтыдан бері осы жердің есігін торуылдап жүр. Бірақ, бұл соңғы үш-төрт айда  біздің көзіміз үйренген қантқа талас емес. Үйдің іргесінде орналасқан білім ордасына балаларын орналастыра алмай дал болған ата-аналар.

Шілденің ыстығында ата-аналардың  жүйкесі сыр бере бастағандай. Мектептің қоршауын бұзып кіруге бар. Бар бәле балаларын БИНОМ мектебіне тіркей алмағандықтан шығыпты. Мақтаулы білім ордасының бұл астанадағы бесінші нүктесі екен. Әу баста мектеп басшылығы онлайн тіркеуден өтесіздер деген. Бірақ, 5 минуттың ішінде  тізім толық, өтінішіңіз қабылданбайды деген жауап алыпты.

Айдана Тойынбек:

- Онлайн беріп көрдім иә. Таңғы сегізден бастап отырмын. Произошла ошибка деп шықпайды. Басқа первый шаг деп кіреміз соны толтырайын десем артқа қарай лақтырып жіберіп тұр портал. Істемейді.

Мектеп басшылығы болса орын жеткілікті тек, қазақ сыныбына дейді. Орыс тілінде оқытатын сыныптар лық толы. Қалалық білім басқармасының бұйрығына сәйкес биыл алғаш мектеп табалдырығын аттаған оқушылар үшін 14 қазақ, 4 орыс сыныбы ашылады екен. Ал, онлайн жүйе құжатымызды қабылдамады деп шулаған ата-аналардың асықпағаны абзал дейді мектеп басшылығы.

Арайлым Мағзұмова, Binom Education компаниясының академиялық директоры:

- Онлайн иә заявкалар секунд сайын заявка келіп түседі. Жаңағы бекітілген орынды система аяқталғаннан кейін система орын жоқ деп көрсетеді. Дегенмен онлайн заявкалар әлі аяқталып болған жоқ. Онлайн заявкалар бүгін кешкі сағат алтыдан кейін өңделеді. Ол жерде микроучасток бойынша берілмеген заявкалар  болса  откланятся етіліп  босаған орындар қайтадан порталға шығады.

Ата-аналардың бұлай даурығуына бір себеп баламызға тиісті орынды әлдекімдер бармақ басты, көз қыстымен алып қойды ма деген қауіп. Бірақ, Білім басқармасы бұл қисынсыз әңгіме деп отыр. Өйткені қабылдау тек электронды үкімет порталы арқылы ғана жүргізіледі. Дегенмен, балалар білімсіз қалмайды деп сендірді.

Асыл Амангелдиева, Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасының бөлім басшысы:

- Ал бином мектептері бізде мемлекеттік жекеменшік серіктестік негізінде салынғандықтан әрбір сыныпта 25 баладан артық отырмауы тиіс.Өздерінің ең бірінші шағын ауданында тұрып жатқан балаларды қамтып отыр бүгінгі күні. Ал егер қамтылмай қалып жатқан жағдайлар болса Білім басқармасы біз өзіміздің тарапымыздан жақын орналасқан мектептерге орналастырамыз.

Жалпы елордада оқушысы шамадан тыс көп дейтін 15 мектеп бар екен. Білім басқармасы бұл бір-екі жылдықта шешіле қояр шаруа емес дейді. Биыл жұмыс бастауы тиіс 23 мың орында қамтитын 11 білім беру ұйымы түйткілді түйінді сәл де болса шешеді деген үмітте.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.