{metadescription}
Коронавирус жұқтырғандар күрт көбейді
Коронавирус жұқтырғандар күрт көбейді

Коронавирус жұқтырғандар күрт көбейді

Коронавирус жұқтырғандар саны соңғы тәулікте екі есеге артты. Қауіпті кеселдің таралу қарқыны бойынша әзірге Алматы қаласы ғана «сары» аймақта тұр. Ауру осы қарқынмен өсе берсе бүгін-ертең елорда мен Шымкент те "сарыға" қайта оралуы мүмкін.

Алматыда кешелі бері 199 адамның қанынан вирус табылған. Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидахуал да көңіл көншітпейді. Елордада науқастар саны 59. Шымкентте 29 адамнан ауру анықталса, аймақтардан ең көп індет жұқтырғандар Алматы облысында тіркелді - 17 адам. Әзірге республикалық маңызы бар үш қалада ауру көрсеткіші жоғары. Жалпы соңғы бір тәулікте ел бойынша 360 тұрғыннан ковид анықталған. Сонымен, мың жарым адам қазір вируспен күресіп жатыр. Оның 263-і стационарда, 1 250 науқас амбулаториялық ем қабылдауда. Ауруханада жатқан 12 адамның жағдайы ауыр. Айта кетейік, Қазақстанда вирусқа қарсы вакцинаның екі бірдей компонентін салдырғандардың саны 9 млн адамнан асқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде