{metadescription}
«ҚазМұнайГаз»-дың ғимаратын кім сатып алады?
«ҚазМұнайГаз»-дың ғимаратын кім сатып алады?

«ҚазМұнайГаз»-дың ғимаратын кім сатып алады?

«ҚазМұнайГаз»-дың ғимаратын кім сатып алады? Қазір астаналықтарды мазалайтын маңызды сұрақтың бірі осы. Мұнай саласындағы алпауыт компаниялар отырған кеңсе сатылымға қойылды. Осыған дейін әртүрлі мақсатқа жалға берілген, министрліктер отырған ғимараттың аяқ-астынан неге сатылуға қойылғаны белгісіз. Тек қаншаға, қашан сатылатыны жарияланды.

 «ҚазМұнайГаздың» бас ғимараты 2002 жылы салынған. Осы 20 жыл ішінде нысанның қабырғасы сөгіліп, елорданың боранында шатыры ұшып, осал тұстары байқалған емес. Мұна кімнің отыратынын жұрттың бәрі білмесе де, ғимарат  астананың белгісіне айналып үлгерген нысанның бірі. Сол жағалаудың ең қымбат жерінде, Бәйтерек пен Ханшатырдың ортасында мен мұндалап тұр.

Алпауыт мұнай компанияларының басын қосқан ғимарат сатылымға қойылды. Аукционға шығатын нысанның үштен бір бөлігін иелері былтыр 12 миллиард теңгеге бағалаған. Бір жылға жуық уақыт өтсе де, сату бағасын өзгертпепті. Яғни, шаршы метрі шамамен 600 мың теңге. Астанада қазір бірінші санаттағы пәтердің квадраты бұдан қымбат. 

Диляра Сүлейменова,  жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы:

Негізі мүндай ғимараттардың әр шаршы метрі миллион теңгеге дейін барады. 11 миллиард 700 мың теңге ауқымды боп естілуі мүмкін. Алайда бұл нарықтық бағадан әлдеқайда төмен. Бұл тура орталықта орналасқан ғимарат. Сатылымда кез келген обьектінің орналасқан жері үлкен рөл атқарады. Өйткені ішіндегі құрылысты өзгертіп алуға олады, ал үлкен ғимаратты көшіре алмайсың ғой.

Осыған дейін көлемді ғимараттың 90 пайызы «Самұрық-Қазынаның», 10 пайызы Ұлттық банктің иелігінде болған. Енді ол жекеменшікке басыбайлы берілмек. Күзден бастап мұнда мұнайшылар емес, портфель ұстаған профессорлар кіруі мүмкін дейді сату агенттері. Аты да, заты да танымал нысанның саудасы өте тартысты болатынына сенімді. 

Ғалым Ысқақов, Жылжымайтын мүлікті сату агенттігінің басшысы:

- Сатып алушылардың алдыңғы легінде беделді бір университет болуы мүмкін.  «Шеврон», «Лукойл» сияқты ірі мұнай компаниялары өздеріне сатып ала алады. Инвесторлық компаниялардың көзі бірден түседіау. Мысалы Қытай, Оңтүстік Корея, Америка. Қазақстанда да бұл ғимаратты сатып алатын олигархтар жетеді.

Еліміздегі ең табысты мамандық иелері бұл ғимараттан ертеректе көшіп кеткен. Олар көршілес орналасқан басқа шынылы ордаға ауысыпты. Осыған дейін де «ҚазМұнайГаздың» көп офистері жалға берілген екен. Ал сату туралы жарнама электронды сауда алаңында жарияланған. Онда қалай сатып алуға болады, қандай құжат керек, ғимараттың ішкі-сыртқы сипаттасы айна қатесіз жазылған.

Ең ірі ғимаратты сатып алам деген қалталылардың әлі ойлануға уақыты бар. Өйткені аукцион тамыздың 31-і күні, таңғы сағат сегізде басталады. Оның үстіне сатып алуға  қатысу үшін алғашқы жарнасына 92 миллион теңге құю қажет. Ал 11 миллион 726 мың теңге бастапқы баға. Ол уақытқа дейін тарихи ғимаратты бұдан да қымбатқа сатып алатындар табылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде