Әйелдер үшін зейнет жасы төмендетілмейді
Әйелдер үшін зейнет жасы төмендетілмейді. Көп қойылып жүрген сұраққа бүгін Үкімет басшысы жауап берді. Зейнет жасын төмендету - зейнетақы төлемдерінің күрт төмендеуіне әкеледі дейді Әлихан Смайылов. Яғни, елдегі еңбекке жарамды азаматтар жаппай еңбек демалысына ерте шықса, салымшылар саны азаяды екен. Ол кезде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін ақшаның түбі көрінуі мүмкін. Тек премьер мен оның қарамағындағылардың жауабы әртүрлі. Мәселен, зейнет жасын төмендетуді сұрап келген белсенді әйелдерді Еңбек министрлігі бүгін қуантып шығарып салды.
Автор: Әзиза Төленби
11.07.2022
Назгүл Сағындықова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-минстрі:
- Барлық мәселелреді жанжақты талқыладық. Олардың өздерінің ұсыныстары болды. Әртүрлі кейстерді қарадық. Барлығын жан-жақты талқыладық. Денсаулық министрлі болды. Сол жақтан да қарадық. Жан-жақта мәселені талқыладық. Кешенді. Бастамашы топтың ұсыныстары қабылданды, жұмысқа алынды, енді бірігіп жұмыс жасайтын боламыз.
Бірігіп жұмыс істейміз дегенге тоқмейілсіді ме, таң атпай Үкімет үйіне жиналған бастамашыл топтың қарқыны басылып тарқасты. Олар бүгін әйелдердің зейнет жасын төмендетуді сұрап келген болатын. Вице-премьер Ералы Тоғжановтан бастап, біршама шенеунікпен кездескен соң талаптары да жұмсарды. Олар енді әйелдерді зейнетке 58 емес, ең болмаса қазіргі 60 жарым жасында қалдыруды сұрап отыр. Ал қалған сұрақтарды бастамашыл топ Денсаулық сақтау, Еңбек министрліктерімен бірге ақылдасып отырып шешетін болып келісіпті.
Жанар Жебегенова:
- Енгіземіз деп айтқан жоқ, талқылаймыз деп айтты. Ең біріншіден зейнет жасын төмендету үшін ол қай зейнет ақысымен шығатыныңды түсіну керек. Сосын ғана қанша үкіметтен қаражат шығатынды шығарады ары қарай енді зейнет жасын төмендету деген ары қарй соны жалғастырып жатырмыз. Ары қарай қозғалысымызды жалғастырып жұмыс істейміз. Тоқтамаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!