{metadescription}
Қантты қымбаттатқандар жазаланады
Қантты қымбаттатқандар жазаланады

Қантты қымбаттатқандар жазаланады

Ал қантты қымбаттатқандар жазаланады. Солтүстік Қазақстан облысында құмшекердің бағасын негізсіз өсірген кәсіпкерлер айыппұл арқалайтын болды. Шенеуніктер шекердің құнын тиісті мөлшерден асырып, саудасын қыздырып жатқандарды іздеуге кірісті. Жеміс-жидектің пісіп, тосап даярлайтын мезгілде бағаны ауыздықтаудың басқа амалы жоқ дейді олар.

Наталья Якова,Петропавл қаласының тұрғыны:

Қант сатып алу биыл қиын болып тұр. Бірнеше рет әкімдікке осы проблеманы айтып хат жазып, қоңырау да шалдым. «Рахмет» дүкені әкімдік ғимараты жанында болған соң ба, қант  сонда ғана бар. Басқа сауда орындарында тұрғындар шекер алу үшін сағат таңғы 6дан бастап кезекке тұрады.

Өңірдегі кез келген дүкенде қанттың келісі 900 теңгеден емін-еркін сатылуда. Бірақ бұған тұрғындар наразы. Ал, шенеуніктер мониторигтік топтар дүкен сөрелеріндегі тауар бағасын күнде тексереді деп жайбарақат отыр. Жақында қант бағасын белгіленген мөлшерден қымбатқа саудалаған екі компанияға ескерту жасалыпты. Бірақ, олар тез арада шекердің құнын төмендетіп, айыппұлдан құтылып кеткен. Енді әкімдік құмшекерді әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы сауда орындарына тікелей жеткізуді көздеп отыр. Қазірдің өзінде өңірге 15 вагон қант жеткізілген. Оның бағасы келісіне 450 теңгеден аспайды деп сендірді атқамінерлер. Өткен жылы солтүстік тұрғындары бір жылда 12 вагон шекер тұтынған екен.

Данияр Исаев, СҚО Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

- Қанттың нақты тұрақты бағасы жоқ. Өйткені, баға өткен жылғы статистикаға сәйкес белгіленуі тиіс. Ал қазір баға тұрақсыз, сатып алу құны тым көтеріліп кетті. Сондықтан әзірге қант құнын нақтылай алмаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде