{metadescription}
Қаңтар оқиғасынан кейін істі болған 11 полицей тағылған айыппен келіспейді
Қаңтар оқиғасынан кейін істі болған 11 полицей тағылған айыппен келіспейді

Қаңтар оқиғасынан кейін істі болған 11 полицей тағылған айыппен келіспейді

Алматыда Қаңтар оқиғасынан кейін істі болған 11 полицей тағылған айыппен келіспей, наразылық білдірді. Уақытша ұстау изоляторының қызметкерлері ұсталған адамды азаптап өлтірді деп күдікке ілінген. Қайғылы оқиға күні кезекшілікте болған күзетшілер қазір арнайы прокурорларға жауап беруде. Алайда, кінәсін ешқайсы мойындап отырған жоқ. Айтуларынша, жаппай тәртіпсіздіктерден кейін абақтыға қамалғандардың көбі ауыр жарақатпен келген. Міндетіміз тек күзет болды деген олар, қамаудағыларды азаптауға қатыспағанын дәлелдегілері келеді. 

Алматыдағы уақытша ұстау изоляторының қызметкерлері Медеу аудандық прокуратурасына күнде келеді. Себебі, мұнда Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталып, түрмедегі азаптаудан өлген адамға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Осы істе қайғылы оқиға күні кезекшілікте болған 11 қызметкер күдікті ретінде танылған. Бірақ, тағылған айыппен ешқайсы келіспейді. 

Арнат Мейраділов:

9-ы қабылданған адам 11-і денсаулығына шағым айтып, кезекші жоғары көтереді. Жедел-жәрдем шақырады. Бірақ жедел-жәрдем келгенше жүріп кетіп отыр. Сол адамды бізден көріп отыр. Сендер азаптап ұрып өлтірдіңдер деп. Ал біз тергеу әрекетіне қатыспаймыз. Біз тергеуші емеспіз. Жедел уәкіл емеспіз. Біздің міндет адамдарды қабылдау және күзетуге жатады.

Оған қоса, жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қамалғандардың дені ауыр жарақатпен келді дейді наразы топ. Ал куәгерлер қинағандардың нақты атын атап, түсін түстей алмауы тіптен көңілдеріне күдік ұялатқан.

Аян Елубеков:

- Ұрыпсоғылып әкелген фотоларды тергеуге көрсетіп келеміз. Айғақтарды көрсетеміз. Бірақ бізді ешкім тыңдап жатқан жоқ. Қаңтар оқиғасында қамалған куәгерлер айтып отыр. Танымаймыз. Көрмедік деп. Изоляторға ешқандай арызшағымымыз жоқ дейді.  

Таяқ жегендердің қызметкерлерді танымаймыз деуіне негіз де жоқ емес. Өйткені, тәртіп сақшыларының бәрі бетпердемен жүрген. Оны тергеу ісімен айналысып жатқан прокурорлар да талай рет айтты. Тек қадағалаушы органның өкілі бұл жолы жауап бергісі келген жоқ. Есік алдында ағайын-туысымен бірге шағым айтып келген полицейлерді тыңдамай, ішке қайта кіріп кетті.

Ешқандай сұхбат бере алмаймын.

- Біздің үйге келіп баламды айыптауға қандай құқығың бар....

Жалпы, қаңтардағы бейберекетсіздіктен кейін уақытша ұстау және тергеу изоляторына қамалған алты адам қинау мен ұрып-соғуға шыдай алмай көз жұмған. Бұл Бас прокуратураның мәліметі. Ал тергеу барысында күдіктілерге күш қолданған құқық қорғау және арнайы органдардың 9 қызметкері қазір қамауда отыр. Осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі азаптау фактілері бойынша 170 іс тергеліп жатқанын, оның 23-і прокуратураға жолданғанын айтқан болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде