{metadescription}
«Банк қызметкерімін» деп 100-ге жуық адамды алдаған
«Банк қызметкерімін» деп 100-ге жуық адамды алдаған

«Банк қызметкерімін» деп 100-ге жуық адамды алдаған

Алматы облысында жүзге жуық адамды сан соқтырып кеткен әйел іздестіріліп жатыр. 30 жастағы келіншек банк қызметкерімін деп талай жанға онлайн несие рәсімдетіп, алдап кеткен. Ол тұрмыстық техника мен әшекей бұйымдарды таныс компаниялар арқылы ақшалай шығарып беремін деп жұртты сендіріпті. Алайда халық не ақша, не тауар жоқ банкке қарызға батқан. Алаяқтың арбауына түскендерін кеш түсінгендер енді аудандық полиция бөлімін жағалап жүр.

Марина Сейдейованы өзін банк қызметкерімін деп таныстырған қыз сан соқтырып кеткен. Мәймөңкелеп, іш бауырына кірген ол тауарлық несиені ақшалай шығарып беремін деп сендірген. Содан келіншек екі банктен онлайн екі миллионнан астам теңге рәсімдепті. Алаяқтың құрығына іліккенін кеш түсінген әйел енді өзі пайдаланбаған қарызды төлеп жүр.

Марина Сейдейова, жәбірленуші:

- Не ақша жоқ, не тауар жоқ. Қанша күннен бері жүрміз мына жақта табанымыздан тесіліп. Дайын кюарымен келеді. Мынаны сканерлейсіз. Екіүш күнде іс бітеді дейді. Тауарлық несиеге біз өтініш бердік. Сол тауарды өзі ақшалай шығарып отыр ғой. Ал банкте ондай қызды танымайды да, білмейді де. Әпке әне келе жатыр, міне келе жатыр. ИП обработка болып жатыр деп осы күнге дейін алдап келді бізді.   

Маринаның күйін кешкен 100-ге жуық адам бар. Олар да алаяқтың арбауына түсіп, онлайн несие алып берген. Салы суға кетіп, сергелдеңге түскендер тұрмыстық техникаға тапсырысты әлгі қыз көрсеткен компанияға беріпті. Банк жеке кәсіпкерлігі бар мекемеге қаражат аударған. Бірақ шағымданушылар тауарды да, ақшашы да көрмедік деп отыр.

Мәрзия Омаржанқызы, жәбірленуші:

Мені деген екі миллион теңгеге отырғызып кетті. Банктер звондап жатыр. Просрочка кетіп жатыр. Төлейтін ондай ақшам жоқ. Менің айлығым жетпейді. Ақша шығарамын. Мен азғантай пайызын аламын. Қалғаны сіздерге деді. ИП арқылы шығарған екен ақшасын. Ол ИПлар тұрмыстық техника сатады екен. Сонда ИП-ға түсіріп, ақшаның барлығын өзі алып отыр ғой. Мына Айымды ұстап, ақшамызды берсін. Несиемізді жауап берсін.

Зарина, жәбірленуші:

- Бәріміздің іш бауырымзға кіріп, әпкетай, апатай деп. Мені көріп тұрсыздар ғой. Үйім осы жерде. Міне, балаларым. Сіздерді алдамаймын. Жақсылық жасап жатырмын деп манипулияция жасады. Басын бірекі ай төленді. Сосын жоқ болып кетті. Бірнеше ИП арқылы шығарған. Олар да өз пайызын алып отырған ғой.Обналичить етіп беремін деді. Обналичить етіп берген жоқ.

Онлайн ақшаға қарық боламыз деп опық жеген жұрт алаяқты тезірек тауып беріңдер деген талаппен бүгін полиция бөлімшесіне кіруге талпынды. Бірақ тәртіп сақшылары айғайға басқан жәбірленушілерді сабасына түсірді. Айтуларынша, «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған. Осы істе күдікке ілінген 30 жастағы әйелдің жеке басы да анықталыпты. Қазір ол іздестіріліп жатыр.

Айдын Жексенбаев, Жамбыл аудандық ПБ бастығының орынбасары:

- Қазіргі таңда Жамбыл ауданы бойынша 70 адамның арызшағымы келіп түсті. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. ҚР ҚК 190 бабы, 3-бөлігімен. Жедел-іздестіру шаралы жүргізілуде. Күдікті осыған дейін сотта болған жоқ. Қылмыстық жауапкершілікке тартылған. «Алаяқтық» бойынша. Екі тергеуші бөлінген. Осы қылмыстық іс бойынша арыз-шағымды қабылдау үшін.

"Оңай олжа орға жығатынын" айта-айта жалықтық деген сақшылар алаяқтың «ертегісіне» сеніп, бармағын тістейтіндер кінәні алдымен өзгеден емес өздерінен іздесін деп отыр. Сондықтан жұртты барынша сақ болуға шақырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде