{metadescription}
Қаршадай қызды қараусыз қалдырған
Қаршадай қызды қараусыз қалдырған

Қаршадай қызды қараусыз қалдырған

Ақтауда көпқабатты үйдің терезе жақтауында ойнап жүрген балалардың ата-анасы жауапкершілікке тартылды. Полиция департаменті қаршадай қыздарды қараусыз қалдырған ересектерге хаттама толтырып, айыппұл салды.

Ужас жүрегім аузыма тығылып тұр ғой. Мына жерде қыздар деген ойнап жүр. Құтақандай қыздар екіүшеуі. Мына кондер ең үстіңгі қабатқа шығып терезеден мына немен жүріп, мына терезеге кіріп тұр ғо. Жаңа айқайлап кіріңдер деп...

Көшеде кетіп бара жатқандардың жүрегін ұшырған оқиға Ақтаудағы «Атакент» тұрғын үй кешенінің жоғары қабатында болған. 4-5 жастағы кішкентай үш қыз 10 қабаттағы пәтердің терезесіне шығып ойнап жүр. Балақайлар ештеңеден қорықпай, емін-еркін терезе жақтауымен бір пәтерден екінші пәтерге кіріп-шығуда. Кейін белгілі болғандай балақайлар бір-бірімен көрші тұрады екен. Біреуінің үйінде ата-анасы болмай, қалған екеуі соған ойнауға келіпті. Полиция департаменті қыздардың ата-анасына хаттама толтырып, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Жаннұр Таңатарова, Маңғыстау облыстық ПД Ішкі және сыртқы коммуникация бөлімі бастығының міндетін атқарушы:

- Оқиға орнына полиция қызметкерлері яғни ювеналды полиция қызметкерлері жіберілді. Балалардың атаанасы қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Кәмелетке толмағандармен, сондай-ақ ата-аналармен алдағы уақытта осындай жағдайларға жол бермеу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде