{metadescription}
Елімізде дәрумендер де 30 пайызға дейін қымбаттаған
Елімізде дәрумендер де 30 пайызға дейін қымбаттаған

Елімізде дәрумендер де 30 пайызға дейін қымбаттаған

Елімізде дәрумендер де 30 пайызға дейін қымбаттаған. Имунитетті көтеретін түрлі қоспалар кей дәріханаларда екі есеге дейін көтеріліпті. Дәруменді тұрақты пайдаланатындар мұны біраздан бері айтып, шағымданып жүр. Бағаның өскенін Денсаулық сақтау министрлігіндегілер де мойындайды. Оның түрлі себебін де айтты. Дегенмен, ешқандай препарат шекті бағасынан аспауы керек.

Қазір індеттің қайта өршіп, нағыз иммунитетімізді көтеретін уақыт. Оған қарсы дәрумендер де бірден бағасы өсіп шыға келген. Диетолог Елена Мамай түрлі дәрумендердің мезгіл сайын қолданатын жандардың бірі. Соңғы уақытта сұраныстағы витаминінің құны шарықтағанын көрген ол жағасын ұстапты.

Елена Мамай, Диетолог:

- Магний Б 6 дәруменін өзіме соңғы рет желтоқсан айында 2015 теңгеге сатып алдым. Таусылғасын екі апта бұрын дәріханаға барсам, бағасы екі есеге өсіп, 4800 теңге болып кетіпті. Мүмкін қорабы мен ішіндегі дәрумендер саны жағынан  айырмашылық бар ма деп қайта – қайта салыстырып та қарадым. Сол 60 дана соңғы алғанымда да 60 дана. Бұл дегеніміз сұмдық. Мұндай бағада ешкім бұл витаминдерді алмайды енді.

Дәрумендердің қымбаттағанын қаладағы дәріхана басшылары да жоққа шығармайды. Айтуларынша, бағаның аспандап кетуіне жыл басынан бергі доллар мен рубльдің қайта-қайта құбылуы себеп екен. Соның салдарынан, тіпті иммунитетті көтеретін витаминдердің кейбірі енді елімізге жеткізілмейтін де болыпты.

Камилла Коберидзе, Дәріханалар желісінің басшысы:

- Еуропалық шет мемлекеттерден келген солар 40 пайызға дейін көтеріліп кетті. Ресейден 10-30 пайызға дейін өсіп кетті. Көбінесе бізде 2 жыл үшінші жыл корона болып тұр. Сол витамин группа Б деген миға арналған. Сосын куенезис, янтарьная кислота олар арзан мың теңгеге дейін болған. Қазір бағалары мыңнан асып кетті.

- Қанша теңге қазір?

- Мың жарымға жуық. Бізге екі жүз, жүз теңгеге өсіп кеткен дәрі-дәрмектер Қазақстандықтарға, қалтамызға қатты қымбат.

Дәрумендер әсіресе соңғы екі айда қатты қымбаттаған. Мәселен, мына С дәрумені бар итмұрын шәрбаты мамыр айына дейін 500 теңгеден саудаланса, қазіргі құны 680 теңге. Ал мына сөрелердегі Ресейлік дәрумендердің қалған соңғылары осы. Дәріхана басшысы барлығын халыққа ескі бағасымен өткізіп, қайта сатып алмаймын деп отыр. Өйткені бағасы 30 пайызға дейін шарықтаған.

Алайда Денсаулық сақтау министрлігіндегілер дәрі-дәрмекпен қоса, дәрумендерге де жыл сайын шекті баға қойылады деп отыр. Мәселен, диетолог айтып кеткен Магний Б 6 дәруменіне биылғы бекітілген баға 3890 теңге.

Әсия Молдиманова, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің бөлім басшысы:

Негізгі дәрілік заттардың арнаулы шекті бағасы бар. Бірақ қымбаттауы байқалады. 5 және 10 пайыздың аралығында. Егер қандай да бір бағаның шекті бағадан асқан жағдайда әр адам өзі біздің департаментке шағым түсіре алады. Дәлелденсе онда сол дәріхана иесіне әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылып, айыппұл салынады. Ол айыппұлдың көлемі 130 айлық есептік көрсеткіш.

Тек дәріханалардың барлығыбірдей сол шекті бағамен шектелмейтін сыңайлы. Бірақ ондай жағдай анықталса, айыппұлы да қомақты. Кемі 400 мың теңгеден басталады. Жалпы, бағаның өсуін жауапты мамандар тасымалдың қиындағанымен де байланыстырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.