{metadescription}
Енді қоғамдық орында қақырып-түкіргендер айыппұл арқалуы мүмкін
Енді қоғамдық орында қақырып-түкіргендер айыппұл арқалуы мүмкін

Енді қоғамдық орында қақырып-түкіргендер айыппұл арқалуы мүмкін

Түкіргуге тыйым. Енді қазақстандықтар қоғамдық орындарды ластап, яғни қақырып-түкіргені үшін айыппұл арқалуы мүмкін. Қоғамның белсенді тобы көтерген бұл ұсынысты денсаулық сақтау министрі құптап, халықты тәртіпке салатын заң жобасын әзірлеуге дайын,  тек Парламент депутаттары қолдаса дейді.  

Сонымен түкіруге бола ма, болмай ма? Азаматтарымыз соңғы күндері әлемжеліде қызу талқыланып жатқан жаңалықтан хабардар. Далада түкірмеуді біздің түсірілім барысында кездескен елордалықтар саналы түрде құптап отыр. Олар қоғамдық ортаның мәдениетін жазалап қалыптастыруға қарсы емес.

- Өзіміз көп түкірмейміз. Әрине, ондай үлкен айыппұл дегенді білмеймін. Бірақ ол қайткенмен ұсақ бұзақылыққа жатады ғой. Оны өздері шешеді. Бірақ түкірген дұрыс емес.

- Қазіргі адамдар машинаның терезесін де ашып түкіріп жатады, жүріп бара жатып та түкіреді. Үйінен шыға салып, есік алдына түкіріп жатады. Балалар жүреді, мысалы. Гигиена ғой, былай қарасаң. Тыйым салу керек. 

Алайда астананың көркем көшесі мен сәнді шырайына жауап беретін тазалықшылардың пікірі басқаша. Тазалау, жуу жұмыстарына еті үйреннен бе, алғаш естігенде бұл жаңалықты онша елең қылмады.

Гүлмира Айтжанова, тазалықшы:

- Біз күнделікті көріп жүрген нәрсе ғой. Адам болғаннан кейін бәрі болады. Қарамауға тырысамыз. Өстіпөстіп үйренеді, не істейсің енді. Бірақ жұмыс болғасын істейсің. Сол үшін ақша алып отырмыз, былай айтқанда.

Бірақ жалп еткізіп түкіріп, жарқ етіп камераға іліксең, айыппұл төлейтінін естігенде бірден қарсы шықты. Түкірмеуге емес, арқалайтын ақшасына. Өйткені Гүлмираның бетперде тақпай 83 мың теңге айыппұл төлеп аузы күйгені бар. Алайда Үкімет әркімнің аузына қалай қақпақ болатынына таң.

Гүлмира Айтжанова, тазалықшы:

- Шектеу қойғанмен, ол болмайтын нәрсе. Керек емес. Халық онсыз да қиналып отыр. Айыппұлмен мүлдем басын көтермей қалады ғой. Дұрыс емес пе?

Қазіргі заңнамаға сәйкес, жүріп келе жатып жол үстінде көліктің есігін аша салып қақырып-түкіру ұсақ бұзақылыққа жатады. Ол үшін бөлек талап қойылмаған. Мысалы, бір ғана Нұр-Сұлтан қаласында өткен жеті айда 6300 адамға хаттама толтырылған. Ал енді қоғам белсенділері мұндай мәдениетсіздікті суретке түсіріп алып дәлелдеу арқылы заңмен шегелеп алмақ. Оны денсаулық сақтау министрі де қолдап отыр.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі (4 тамыз 2022):

- Мен қолдаймын. Қоғамдық орындарда түкіруге тыйым салуды толық қолдаймын. Бұл мәдениет, гигиеналық тұрғыда дұрыс емес. Мен сіздердің ұсынысыңызды қолдаймын. Бәлкім бәріміз бірге депутаттар алдында осындай бастама көтеруіміз керек шығар.

Бас дәрігердің бұл ұсынысты бірден құптай кетуінің себебі бар. Өйткені адам сілекейінде патоген микробтар мен бактериялардың 500-ден астам штамы өмір сүреді. Олар герпес, қызылша, құтыру, пневмония, тұмау, тіпті туберкулез бен гепатит сияқты ауруларды қоздыруы мүмкін. Түкірік кеуіп, одан бөлінген вирус ауамен таралады екен. Қорқыныштысы, вирустар бір сағаттан бірнеше күнге дейін жұқтыру қабілетін сақтайды.

Мысалы, қырғыздар далада алшаң басып түкіріп жүретіндерге 2019 жылы тыйым салған. Көрші ағайындар тәптіп бұзса, 31 мың теңге ақша төлейді. Еуропаны басып озуға шақ қалған сингапурлықтар көше бойындағы лас әрекеті үшін 300 доллар санап береді. Бізде де жақын күндері отандастардың расымен «түкірігі жерге түспейтін» сияқты. Ол бәрінің байып кеткенінен емес, заңмен қудаланатындығынан. Оның да себебі жоқ емес, үлкен қалаларда аялдамалар мен балалар алаңқайларында аяқ алып жүру мүмкін емес боп барады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

12 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.