{metadescription}
Жас жігіт демалушылардың көз алдында суға кетті – Петропавл
Жас жігіт демалушылардың көз алдында суға кетті – Петропавл

Жас жігіт демалушылардың көз алдында суға кетті – Петропавл

Петропавл маңындағы Пестрое көлінде қайғылы оқиға болды. Жүздеген демалушының көз алдында жас жігіт суға батып кетті. Қала тұрғындары шомылуға рұқсат етілген жағажайдың дәл сол тұсында құтқару бекеті бола тұра, суға кеткен адамға ешкім көмекке ұмтылмағанына наразы.

Пестрое көлі жанындағы «Северная звезда» саябағы жергілікті жұрттың сүйікті демалыс орны. Мұнда қашанда демалушылардың қарасы қалың. Өйткені жағажайда арнайы техникамен жабдықталған құтқару бекеті орналасқан. Қайғылы оқиға кешкі сағат 6-лар шамасында болды. Көл басында бір топ жас демалып жатыпты. 25 жастағы жігіт катамаранмен серуендеп қайтып келе жатқан достарының алдынан шықпақшы болып, жүзе жөнеледі. Сөйтіп көзден ғайып болған адамға көмекке жетуі тиіс кәсіби құтқарушылардың орындарынан табылмағанына демалушылар аң-таң. Ал төтенше жағдай қызметіндегілердің айтуынша, оқыс оқиға болған кезде екі маман кезекші болған, олар қолынан келгенін бәрін жасаған. 

Қайрат Самаев, СҚО ТЖД жедел-құтқару отряды бастығының орынбасары:

- Құтқарушылардың ешқандай кінәсі жоқ. Сол уақытта олар жағажайдың арғы бетінде болған. Ол адам қауіпсіздік ережелерін сақтамай толқынға қарсы жүзген. Айғайлап көмек сұрамаған, куәгерлер көмекке шақырып шулаған кезде құтқарушы келгенімен, жігіт суға батып кеткен. Құтқарушы сүңгіп көрген су тым терең болған. Демалушылармен бірге жабылып жүріп денесін сыртқа алып шыққан. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

12 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.