{metadescription}
Жеңілдікпен бөлінген дизель отынын шетелге қайта сатып отырған
Жеңілдікпен бөлінген дизель отынын шетелге қайта сатып отырған

Жеңілдікпен бөлінген дизель отынын шетелге қайта сатып отырған

Оңай олжаға кенелгісі келген қазақстандық кәсіпкерлердің заңсыз әрекеті анықталды. Олар егін оруға деп жеңілдікпен бөлінген дизель отынын шетелге қайта сатумен айналысқан. Бұны Қаржылық мониторинг агенттігі әшкереледі.

Алыпсатарлыққа барған кәсіпкерлер жалған құжат қолданыпты. Қағазда да жанар-жағармайды басқа мұнай өнімдері ретінде көрсетіп экспорттап отырған. Оңай олжамен қалтасына қыруар қаржыны баспақ болғандар тіпті мемлекет тарапынан егін жинауға деп бөлінген солярканы қайта сатқан.

Қаржылық мониторинг агенттігі заң бұзғандар кімдер және дизель отынын  кімге және қанша теңгеге сатқанын тергеу құпиялығына байланысты жария етпей отыр. Алдағы күндері ақпарат береміз деп сендіреді.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Егер сіз жанаржағармай материалдарын республикадан тыс жерге заңсыз сату немесе әкету фактілерінен хабардар болсаңыз немесе уәкілетті органдар мен ұйымдардың қызмет өкілеттіліктерін теріс пайдалану фактісіне тап болсаңыз, Қаржылық мониторингі агенттігіне немесе аумақтық департаменттерге тәулік бойы қызмет көрсететін сенім телефонына хабарлауды сұраймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

12 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.