{metadescription}
Рейд: 734 дүкен азық-түлік бағасын негізсіз көтерген
Рейд: 734 дүкен азық-түлік бағасын негізсіз көтерген

Рейд: 734 дүкен азық-түлік бағасын негізсіз көтерген

Қолдан қымбатшылық жасаған. Соңғы бір аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтерген 734 дүкен анықталды. Бұл елдің әр аймағында 40 мың сауда орнына  жүргізілген рейдтен кейін белгілі болған.

Кәсіпкерлері жиірек заң бұзған өңірлердің тізімін астан бастап тұр. Мұнда бағаны негізсіз көтерудің 278 дерегі тіркелген. Одан кейін тізімге Шығыс Қазақстан, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстары жайғасқан.

Заңға сәйкес, егер кәсіпкер үстемақыны 15 пайыздан асырса, 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Бірақ елдің әр өңіріндегі құзырлы органдар шағын және орта бизнес иелеріне ауызша ескертумен шектеліпті. Өйткені заң бұзған кәсіпкерге бірінші рет ескерту жасалып, кейін қайталаса ғана айыппұл саламыз деп түсіндірді сауда және интеграция министрлігі. Сондықтан жергілікті атқарушы органдар 126 әкімшілік хаттама толтырып, бір кәсіпкерге айыппұл салған.

Нұрарислам Мотай, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің сауда комитеті бақылау басқармасының сарапшысы:

- Негізінен құқықбұзушылық көкөністерге, қантқа, және де күнбағыс майына, қарақұмық жармасына тіркелген. Қазір мобильдік топтар аралаған кезде кәсіпкерлерге түсіндіреді. Егер кәсіпкер түсіндірме жұмыстарын кейін құқықбұзушылықты қайталаса, әкімшілік негізінде 204-бабына сәйкес айыппұл төлейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

12 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде