{metadescription}
«СҚ-Фармация» бастығының бір айлық табысы бір миллион 404 мың 
«СҚ-Фармация» бастығының бір айлық табысы бір миллион 404 мың 

«СҚ-Фармация» бастығының бір айлық табысы бір миллион 404 мың 

«Қолыма бір миллион 404 мың аламын». Елімізді дәрі-дәрмекпен қамтитын «СҚ-Фармация» бастығы Ерхат Есқалиевтің бір айлық табысы осындай. Орталық коммуникация қызметі алаңында жалақысын жария еткен басшының еңбекақысы былтырдан бері өскен.

Ерхат Есқалиев, «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы: 

- Жалақыңыз қанша?

- Мен жауап бердім ғой, Бір мың...404 мың.

- Қолыңызға 1 404 000 теңге аласыз, иә?

- Иә.

«СҚ-Фармация» серіктестігінің басшылығы ел алдына көп шыға бермейді. Дәрі-дәрмек ташылығы сезіліп бағасы өссе де бірыңғай дистрибьютордың онымен шаруасы жоқ. Соның өзінде алатын жалақысы Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінен едәуір жоғары. Мәселен, мекеме басшысының айлығы 40 есе көп. 2021 жылы дәл осындай брифингте Ерхат Есқалиев журналистерге жалақысы бір миллион 300 мың деп айтқан. Бір жылда 104 мың теңгеге табысы артқан «СҚ-Фармация» төрағасының бұл қызметте отырғанына екі жыл болды. Ол коронавирус пандемиясында Президент сынына ұшырап, кейін істі болған Берік Шәріптің орнына келген еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

12 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде