{metadescription}
34 жастағы әйел мен оның екі баласын азаптап өлтірген – Алматы
34 жастағы әйел мен оның екі баласын азаптап өлтірген – Алматы

34 жастағы әйел мен оның екі баласын азаптап өлтірген – Алматы

Азаппен өлген! Алматыда 34 жастағы әйел мен оның екі баласы кісі қолынан ажал құшыпты. Істі ерекше бақылауға алған қала прокуратурасының мәліметінше, мәйіттерде зорлық-зомбылық ізі бар.

Қазір адам өлтіру дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. 6-тамызда «Мамыр» ықшамауданындағы пәтерлердің бірінен 34 жастағы әйел мен оның 7 және 2 жастағы балаларының денесі табылған болатын. Бесінші қабаттағы бұл пәтердің есігі қазір мөрленген. Есіктегі құлыптың бұзылып орны үңірейіп тұрғанына қарағанда, ішке бұзып кірген деп топшылауға болады. Еденде қан ізі әлі жатыр. Ал қанды қылмыстың басқа да жай-жапсары жөнінде құзырлы орган әзірге тіс жармай отыр.

Бауыржан Төлендинов, Алматы прокуратурасының ресми өкілі:

- Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Бейнематериалдар зерттеліп куәгерлерден жауап алынуда. Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 201 бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп тексерудің өзге де деректері қазіргі таңда жария етуге жатпайды. Қылмыстық істің тергеуі қала прокуратурасының ерекше бақылауына алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде