{metadescription}
Оқу жылы: Сарыағашта әл-ауқаты төмендерге киім-кешек берілмеген
Оқу жылы: Сарыағашта әл-ауқаты төмендерге киім-кешек берілмеген

Оқу жылы: Сарыағашта әл-ауқаты төмендерге киім-кешек берілмеген

Оқу жылы қарсаңында Түркістан облысында тағы мектеп формасына қатысты дау туындады. Оған Сарыағаш ауданында әл-ауқаты төмен отбасыларға жыл сайын тегін берілетін киім-кешектің биыл берілмейтіні себеп болған.   

«Баланы мектепке дайындауға қалтамыз көтермейді» деп шенеуніктерге келгенімен, көпбалалы аналарды жауапсыз қайтарады екен. Сондықтан топ болып жиналған әйелдер бұл жолы аудан әкімдігінің алдына жиналып шу шығарды.

Сарыағашта оқу жылы басталмай жатып ата-аналардың мазасы жоқ. Себебі, мектеп мұғалімдері көпбалалы және жағдайы төмен отбасыларға биыл мектеп формасы берілмейді депті. Есесіне ата-аналар әр балаға «осы киім үлгісімен киіну керек» деп шарт қойып, оның бағасына дейін жазылған прейскурант жіберген.

Ғазиза Қожабердиева, Сарыағаш ауданының тұрғыны:

- Мектепке бірыңғай форма кигізесің дейді. Біз береміз осы форманы, осы форманы аласың деп жатыр. Менің ондай алатын жағдайым жоқ, қайдан алам? Төрт блам мектепке барады. Киімді ала алмаймын. Әрқайсына есептесең, 50 мыңнан кетеді. Оқу жабдығына 400 мың ақша керек, мен оны қайдан аламын?

Ділнұр Кәрімбаева, Сарыағаш ауданының тұрғыны:

- Биыл мынандай заң шығарыпты ғой. Мектепте дене шынықтыру сабағынан бөліпбөліп қойған. 4-сыныптан 8-ші сыныпқа дейін. Қызыл түс кисін, сосын 8-ші сыныптан жоғарыға қарай тағы басқа түс кисін дейді. Біз форма алып бере алмай жатқанда, қызыл спорттық киімді қайдан тауып береміз? Тамағын тауып бере алмай жатқан атааналар бар арамызда. Өзіміз пәтер жалдап тұрамыз.

«Форма берілмесе, биыл оқушыларды мектепке де жібермейміз» деген ата-ана жағдайы төмен отбасыларға мемлекеттен берілуге тиіс көмекті мазақ еткендей береді дейді. Әр тоқсан сайын алуға тиіс әлеуметтік көмекті де кешіктіреді екен.

Ділнұр Кәрімбаева, Сарыағаш ауданының тұрғыны:

- Әкімшіліктен шақырып қолға береді, коробкамен. Өздері шақырып, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға береді оны. Ал соны барып алсаңыз, ішінде жарамды нәрсесі жоқ. Бала жейтін нәрсе жоқ. Ал оны әр кварталда бермейді. Ішіндегісін көгертіп алдық. Құрттап кеткен кашалар, мерзімі өткен печеньелер береді.

Есік алдына жиналған әйелдерді қызметкерлер әкімдік ғимаратына әзер кіргізген еді. Бірақ білім бөлімі басшысы мен орынбасарларын місе тұтпаған әйелдер тек әкіммен ғана сөйлесеміз деп тұрып алды.

Әйелдер айғайға басқан соң, аудан әкімі келуге мәжбүр болды. Айтуынша, биылға дейін мектеп формасымен қамтамасыз ету еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің міндеті болған. Ал енді бұл кімнің мойнына жүктелгені түсініксіз. Дегенмен мәселе жоғарыдан шешіліп жатыр деп сендірді ашуға булыққан жұртты.

Мұхит Отаршиев, Сарыағаш ауданының әкімі:

- Жаңа ғана мектеп формасы бойынша мен білім басқармасының басшысымен сөйлестім. Бүгінде бізде мектеп формасы жетім балалар, сосын қамқоршысыз қалған балаларға қарастырылған екен. Ол беріледі деп отыр. Сосын атаулы әлеуметтік көмек алушы азаматтарға қарастырылатын формаға байланысты тиісті ұсынысты біз мемлекетке жіберіп қойдық деп хабарлады өзі.

Биыл мұқтаж отбасындағы оқушыларға дайын форма емес, ақшалай ата-ананың есепшотына түседі деді шенеуніктер. Ал киімді өздерің сатып аласыңдар деп, елді даурықтырған қызметкерлерді іздеп шара істеп көрмекші.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

02 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде