{metadescription}
Көшеде түкіргендерді енді камера арқылы тауып жазалайды
Көшеде түкіргендерді енді камера арқылы тауып жазалайды

Көшеде түкіргендерді енді камера арқылы тауып жазалайды

Елордада түкіргендерді камера арқылы тауып жазалайтын болды. Көшеде, қоғамдық орында тәртіп бұзғандарға талап күшейтілді. Бұған дейін қалалық мәслихат депуттатары көпшілік жүретін жерлерде түкіретіндерге жазаны қатаңдату керек деп ұсынған.

Ұсынысты Үкімет те қолдай кетті. Енді полицейлер көшеде түкіргендерді камера арқылы тауып алмақ. Және ұсталғандар жазадан құтылмайды. Оларға ауызша ескерту де қарастырылмаған. Бірден бес айлық есептік көрсеткіш, яғни 15 мың теңге айыппұл арқалайды. Ал қайталап тәртіп бұзғандар 30 мың теңгесінен қағылады.

Көшеде түкіргендерге айыппұл 2019 жылдан бері қарастырылған. «Мұны көпшілік біле бермейді», - дейді полицейлер.тәртіп сақшылары енді бақылау күшейтілген соң, тұрғындар ережені есте ұстайды дген үмітте. Әйтпесе, ешкімге кешірім жоқ, тек кей жағдайларда болмаса.

Қанат Нысантаев, Нұр-Сұлтан қаласы ПД бөлім бастығы:

Көшеде орталық полиция мен учаске полиция инспекторлары жүреді. Олардың видеотіркеушілері болады. Орталық камераларда құқықбұзушылық орын алған жағдайда  бейнетаспаға түсіп қалады. Жасы келген мүгедектерге ауызша ескерту заңда қарстылмаса да, үлкен кісілерге біз ауызша ескертеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде