{metadescription}
Бір баласына 65 миллион теңге алимент төлеуге міндеттелген
Бір баласына 65 миллион теңге алимент төлеуге міндеттелген

Бір баласына 65 миллион теңге алимент төлеуге міндеттелген

65 миллион теңге алимент! Ақмола облысының тұрғыны бір баласына осыншама сома төлеуге міндеттеліпті. Өйткені сот мемлекеттік бағдарлама бойынша банктен алған несиені де табыс ретінде есептеді, - дейді белшесінен қарызға батқан әке.

Біләл Сәкенов, Щучье қаласының тұрғыны:

- Ол несие қайтарылатын ақша. Тапқан пайдамыздан банкке міндетті түрде несиені қайтаруымыз керек. Осындай соманы төлеу мүмкін емес. Бұл бір баланың басына деп сот шешіп отыр. Мұндай ақша менде болған да емес, қолыма ұстаған ақша емес. Мен әлі түсіне алмай отырмын. Бұдан басқа да балаларым бар, кәмелетке толмаған.

Аяқ астынан миллиондап қарызға батқан Біләл Сәкенов әкелік парызымды өтеп келемін деп отыр. 11 жастағы ұлына ол курортты аймақтан екі бөлмелі пәтер сыйға тартқан. Ай сайынғы алиментті анасының қолына ұстататын көрінеді.» Бөлек тұрғаны болмаса, ұлым үнемі қасымда», - дейді естелік суреттерін көрсетіп.

 Бүгін де баласымен мектепке қажет кеңсе тауарын алып жүр. Сауда-саттықпен айналысатын кәсіпкер қомақты несие алысымен, осы сергелдең басталғанын айтады. Төрт жылда бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Бірақ Әділет департаментіндегілер оның кірісі салық органдарынан алынған деп отыр.

Медет Едірісов, Ақмола облысы әділет департаменті басшысының орынбасары:

Сәкеновтен алимент өндіру ісі бойынша сот орындаушысы оның барлық кірісін анықтауға тиіс. Ақмола облысы мамандандырылған ауданара сотында қаралып, шешім шықты. Заң бойынша Сәкенов табысының төрттен бір бөлігін алиментке беру керек. Ол кәсіпкер болғандықтан, салық органдары сотқа кіріс туралы тиісті ақпаратты берген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде