Соңғы тәулікте 668 адам COVID-19 жұқтырды
Соңғы тәулікте COVID-19-ды 668 адам жұқтырды. Бұл кешегі күнмен салыстырғандаекі есеге көп. Бір адам індеттен ажал құшса, коронавирус пневмониясына 10 отандасымыз шалдықты.
Автор: Салтанат Шырынхан
24.08.2022
Қазір Нұр-Сұлтан қаласы ауру жұқтырғандар саны бойынша бірінші орында. Елордада дерт 146 адамның қанынан табылған.
Ақмола облысында 76 тұрғынның сынамасынан індеттің бар екені анықталыпты.
Батыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарындағы жағдай шамалас. Екі өңірде де 70-ке жуық жаңа жағдай тіркелді.
Алматы қаласындағы эпидахуал да біршама тұрақталғандай. Шаһарда бір тәулікте 39 адам ауруға шалдыққан.
Ал көршілес Жамбыл облысында коронавирусты бір-ақ адам жұқтырыпты.
Елімізде қазір кеселмен тіркелгендер 20 мыңнан асқанымен, 730-ға жуығы ғана стационарларда емделуде. Ішіндегі 18-нің жағдайы тым ауыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!