{metadescription}
Колледж жатақханасынан студенттің мәйіті табылды – Шымкент
Колледж жатақханасынан студенттің мәйіті табылды – Шымкент

Колледж жатақханасынан студенттің мәйіті табылды – Шымкент

Шымкенттегі колледж жатақханасынан студенттің мәйіті табылды. Манап Өтебаев атындағы жоғары технологиялар колледжінің бірінші курс студентін өзге шәкірттер ұрып өлтірді дейді полицейлер.

Қазір қылмыс болған жатақхана есігі жабық. Ешкімнің кіріп-шығуына тыйым салынған. Білім басқармасының мәліметінше, 1 курс студенті Нұрхат Дүйсен сағат түнгі бірлер шамасында қайтыс болған.

Көпбалалы отбасынан шыққан 15 жастағы жеткіншек Түлкібастағы мектептің 9-сыныбын бітіріп, биыл ғана колледждегі «Сандық технология» мамандығына түскен екен.

Оқу орнының өкілдері Нұрхаттың өз бөлмесінде есінен танып құлағанын айтқан. Алайда полиция кісі қолынан қаза тапқан деген күдік келтіріп отыр. Куәгерлердің сөзіне сүйенген тәртіп сақшылары марқұмды студенттердің бірі иығынан, екіншісі кеудесінен ұрған соң өзін нашар сезінген дейді. Қазір полиция басқармасы «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» дерегімен тергеп-тексеруді бастады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.